Өңірлер

Қазақстандық банктегі ақауды пайдаланып жарты миллиард теңге ұрлаған

© Sputnik / Болат ШайхиновБанк карталары
Банк карталары - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2021
Жазылу
Былтыр күзде "Альфа банк" қызметінде ақау шығып, соның кесірінен бір шоттан екінші шотқа ақша аударғанда, клиенттің емес, банктің өз қаржысы кетіп отырған. Мұны байқаған клиент оңай жолмен байып қалуды ойлаған

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Қостанайда "Альфа Банкте" болған ақауды пайдаланып, ірі мөлшерде ақша жымқырған ер адам сотталды.

Соттың мәлімдеуінше, Ф.есімді азамат О. есімді танысына ЖШС рәсімдеген. Танысы "Альфа Банк" ЕБ АҚ-да кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін шот ашып, оған тіркелген картаны Ф-ға береді.

Төлемдерді онлайн жүргізу үшін О. төлем картасын "Альфа Мобайл" жүйесіне тіркейді.

2020 жылдың 22 қыркүйегі мен 9 қазаны аралығында "Альфа мобайл" мобильді банкингі істен шығады. Соның кесірінен банк клиенттеріне заңсыз ақша аударылады. Ақау кезінде жіберушінің шотынан ақша кетпеген, бірақ алушының картасына аударылған.

Бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі істен шыққанда, алушыларға ақша банктің өз қаражатынан жіберілген.

Тағы оқыңыз: Сегіз кредит жапқан: қомақты қаржы ұрлаған Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды

2020 жылы 1 қазанда Ф. басқа банктің картасына ақша аудару кезінде ақауды байқап, мұны пайдаланбақ болады. Ол үшінші тұлғалардың картасына бірнеше рет өз шотынан ақша аударып, банкке тиесілі 416 миллион 669 мың теңгені заңсыз иемденген.

Прокурор сотталушыны қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтеумен тоғыз жылға соттауды сұрады.

Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-тармағы 3-тармақшасы мүлкін тәркілеумен, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Сот оны жеті жылға соттады. Енді ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді.

Жәбірленуші тараптың 334 миллион 714 мың 217,67 теңге сомасындағы қолдаухаты толық көлемде қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар
0