Өңірлер

Алматыда пәтер тонауды кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2021
Жазылу
Пәтер тонаушылар қолма-қол ақша, шағын тұрмыстық техника,  әшекей секілді құнды заттардың бәрін алып кетіп отырған  

АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Алматыда үш ер адам өзгенің пәтеріне кіріп, құнды заттарды ұрлауды кәсіп еткен. Қазірге дейін олардың 5 қылмысы әшкереленді, деп хабарлады Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, қаскөйлер аула аралап, көпқабатты үйлердің терезесі мен кіреберісін бақылаған.

Спецоперация по задержанию группы гастролеров–домушников прошла в Алматы   - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2020
Өңірлер
Алматыда арнайы жасақ операция өткізді  
Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов қаскөйлер жұмыс күндері, адамдар жұмыста болған кезде әрекет еткенін айтты.

"Олар кілт таңдау арқылы есікті ашып, құнды заттардың бәрін алып шыққан. Бұл қолма-қол ақша, шағын тұрмыстық техника және түрлі әшекейлер. Екеуі үйді тонап жатқанда, үшіншісі көлікте отырып, қауіпсіздікті бақылаған", - дейді Қуатбек Науатов.

Қазіргі уақытта үшеуі де ұсталды.

Соңғы рет қаладағы бір пәтерден алтын бұйымдар мен ақша ұрлаған. Шығынның жалпы көлемі – миллион теңге. Қолға түскен кезде ұсталғандар заттай айғақтан құтылып үлгермеген. Олар тұтқындау кезінде тәркіленді. Қазір қылмыстық үштік уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі ("ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полицияның хабарлауынша, ұсталғандардың барлығы Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Үшеуі де осыған ұқсас қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Жаңалықтар
0