Алматыдағы карантин

Бес қалада карантин күшейтіледі комиссия шешімі

6504
(Жаңартылды 18:41 27.07.2021)
Ведомствоаралық комиссия тәуліктік сырқаттанушылықтың 65%-ін және тәуліктік өлім-жітімнің 55%-ін құрайтын қалаларда карантинді күшейту керек деп шешті

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

"Ведомствоаралық комиссия елдегі тәуліктік сырқаттанушылықтың 65%-ін және тәуліктік өлім-жітімнің 55%-ін құрайтын Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады", - делінген ресми хабарламада.

Комиссия мүшелері 2 тамыздан бастап осы қалаларда бірқатар шектеу шарасын енгізуді ұйғарды. Олар:

  • орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, "Ashyq" жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұру;
  • ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу; 
  • мемлекеттік органдар, кеңселер, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдар қызметкерлерінің 80%-ін (вакцина салдырғандарды және соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылғандарды қоспағанда) қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру.

Сондай-ақ, облыс әкімдіктеріне Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент пен Қарағанды қаласымен шекаралас жатқан аудандарда карантинді күшейту ұсынылды. Олар:  

  • Ақмола облысы - Бурабай, Целиноград және Аршалы аудандары;
  • Алматы облысы - Қарасай, Талғар, Іле мен Еңбекшіқазақ аудандары;
  • Қарағанды облысы – Теміртау, Шахтинск мен Абай аудандары;
  • Шымкент қалаларымен – Сайрам мен Төлеби аудандары.

Өңір әкімдіктеріне шектеулер енгізу және олардың сақталуын бақылау бойынша барлық шараларды қабылдау тапсырылып отыр.

Вице-премьер коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күресте мониторинг топтары жұмысының маңыздылығын және барлық өңірлерде осы бағыттағы белсенділік төмен екенін атап өтті. Осыған байланысты барлық өңірде мониторинг топтары жұмысын жандандыру тапсырылды.

 

6504
Кілт сөздер:
коронавирус, карантин
Тақырып бойынша
Цой Тоқаевқа коронавирустың жаңа штамы пайда болғанын хабарлады
Балаларда коронавирус ауыр түрде өте бастады – елордалық дәрігер
Алматыда тәулігіне 400-ге жуық адам ауруханаға түсіп жатыр
Қазақстанда тағы 110 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды
Алматыда карантин күшейтілді – Бекшин себебін түсіндірді
Сейф

Сейфте 8 млн теңге жатқан: Риддерде әйелдің үйіне ұры түсті

69
Шығыс Қазақстан облысының бұрын істі болған тұрғындары жер үйге кіріп, қолма-қол ақша, ескі тиын, медаль мен жүзік сақталған сейфті ұрлап әкеткен

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Риддер қаласының полициясы жер үйден қомақты ақша мен басқа да бағалы заттар сақталған сейфті ұрлап әкеткен екі ер адамды ұстады.

Ұрлық 35 жастағы жергілікті тұрғынның үйінде қыркүйектің ортасында жасалған. Полицейлер қылмысты бейнебақылау камераларының көмегімен ашты, деп хабарлайды polisia.kz.

Екі күдікті таңғы сағат 07.30 бен 09.30 аралығында пластик терезені бұзып, үйге кірген. Үйдің астаң-кестеңін шығарған. Сол сәтте қосалқы үй-жайдағы шағын сейфке көздері түскен. Оны үй ішінде ашуға қорқып, өзімен бірге алып кеткен.

"Сейфте 8 миллион теңге, ер адамдарға арналған алтын сақина, үйдің құжаттары, 1843 жылғы жез тиын, "Еңбегі үшін" медалі болған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы мөлшері 10 миллион теңгені құрады", - деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктілердің жеке басын анықтап, ұстау үшін полицейлерге бірнеше күн қажет болды. Ұсталғандар 30 жаста, екеуі де жергілікті тұрғын. Бұған дейін бірқатар бап бойынша қылмыстық жауапқа тартылған.

Анықталғандай, ұсталғанға дейін ер адамдар ақшаның бір бөлігін жұмсап үлгерген.

Қазіргі таңда екі күдікті де тергеу аяқталғанға дейін қамауға алынды. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Оқи отырыңыз: 

69
Кілт сөздер:
сейф, ақша, Риддер, ұрлық
Архивтегі фото

Қарағандыда досының үйінде бірнеше күн жатқан ер адам кредит алғанын ұмытып қалған

465
(Жаңартылды 16:07 28.09.2021)
"Жәбірленуші" бір ай бұрын туған күнін тойлап жатқан досына қонаққа келіп, бірнеше күн үйінде жатқан

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында кредит алғанын ұмытып кеткен ер адам полицияға арызданды, деп хабарлайды Polisia.kz.

28 шілдеде Абай ауданының полиция бөліміне елді мекендердің бірінің 43 жастағы тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның жеке деректерін қолдана отырып, микрокредиттік ұйымнан кредит алғанын айтқан. Келтірілген залал көлемі 76 мың теңгені құраған.

Жәбірленушінің айтуынша, бір ай бұрын туған күнін тойлап жатқан досына қонаққа келіп, бірнеше күн үйінде жатқан. Сол күндері белгісіз біреу ұялы телефонын пайдаланып кредит рәсімдеп алған көрінеді.

Жәбірленуші бұл туралы кредитті төлеу қажеттігі туралы SMS хабарлама алған кезде білгенін айтты.

Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер тергеу барысында арызданушы кредитті мас күйде өзі алғанын анықтады. Қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы процессуалдық шешім қабылданды.

Бұрынғы "жәбірленушіге" қатысты 419-бап (Қылмыс жасалғаны туралы әдейі жалған ақпарат беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Оқи отырыңыз:

465
Жайық өзені, архивтегі фото

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерде зерттеу жүргізіп жатыр

0
Бұл жұмыс гидрологиялық режимді және трансшекаралық өзендердің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Ресейде өзен су тасқыны параметрлерін және ағынның өзгеру тенденциясын анықтау үшін трансшекаралық өзендер бойынша гидрологиялық және гидрохимиялық мәліметтерді жинау басталды.

Экология министрлігінің трансшекаралық өзендер департаментінің директоры Арсен Жақанбаевтың айтуынша, 2020 жылдың қазанында бекітілген ірі өзендердің бассейндерінде зерттеу жүргізу бойынша ынтымақтастықты кеңейту жол картасы аясында су объектілері зерттеліп жатыр.

"Экология және жасыл даму саласындағы ынтымақтастық" деген тақырыпта өткен Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы аясындағы "Трансшекаралық су объектілері" панельдік сессиясында Жақанбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың 29 жылдық тәжірибесі   мемлекетаралық су бөлу мен су қоры ресурстарының күрделі мәселелерін табысты шешуге мүмкіндік бергенін айтты.  

Оның пікірінше, Жайық өзені суының азаю мәселесін бірлесіп шешу жемісті ынтымақтастықтың дәлелі болмақ. Соңғы жылдары Жайық трансшекаралық өзені ағынының азаюы мен су ресурстары және экожүйелер жай-күйінің нашарлау тенденциясы алаңдаушылық туғызып отыр, деп толықтырды спикер.

"Ірі өзендердің бассейндеріндегі бірлескен зерттеулер нәтижесінде трансшекаралық өзендердің гидрологиялық режимі мен экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілетініне сенімдімін", - деп атап өтті спикер.

Қазақстан Ресей Федерациясымен алты негізгі трансшекаралық бассейн бойынша ынтымақтасады: Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Қараөзен мен Сарыөзен, Қиғаш, деп нақтылады Жақанбаев.

Тараптар 2000-2015 жылдар аралығында бұрынғы Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіптік аумағындағы сынаппен ластану ошағындағы жер асты және жер үсті суларына бірлескен мониторинг жүргізді. Орындалған жұмыстардың нәтижесінде "топырақтағы қабырға" әдісімен жылыстауға қарсы перденің құрылысы аяқталды, ластану ошағынан Ертіс өзенінің шетіне дейін 30 бақылау ұңғымасы бұрғыланды.

Аймақаралық ынтымақтастық форумы 28-30 қыркүйекте онлайн режимінде өтеді.  

0