Өңірлер

Жауын-шашын мөлшерін қалай көбейтуге болады – маман пікірі

© Sputnik / Владислав ВодневЛето 2021 в Нур-Султане
Лето 2021 в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2021
Жазылу
Әлемде жауын-шашын мөлшерін көбейту технологиясы болғанымен, жаңбыр жаумайтын жерде жасанды түрде жауын-шашын тудыру мүмкін емес

АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Қазгидрометтің ғалым-маманы Нұрлан Абаев жаңбыр жаудырудың технологиясы өткен ғасырдың 40-жылдарынан бері белгілі екенін мәлімдеді.

Оның сөзінше, әлемде жауын-шашын мөлшерін көбейту технологиясы болғанымен, жаңбыр жаумайтын жерде жасанды түрде жауын-шашын тудыру мүмкін емес.

"Жауын-шашынның ықтимал мөлшерін көбейтуге болады. Алайда бұлттарды немесе дымқыл ауа массасын бір жерден "алып келу" мүмкін емес. Яғни, белгілі бір аймақта жаңбыр бұлты өтетінін біліп, бұлттан жауын-шашын мөлшерін көбейтуге болады. Әртүрлі ғалымдардың зерттеуі бойынша, егер бұлт дұрыс әсер етсе, онда жауын-шашын мөлшерін 10-15%-ке арттыру мүмкіндігі бар", - дейді Нұрлан Абаев.

Ол сондай-ақ қазір әлемде жаңбыр бұлттарын қалыптастыру технологиясы жоқ екенін айтты.

"Егер шөл далада жаңбыр жауса, онда табиғи жағдайлар осылай қалыптасты деген сөз. Сондай-ақ Таяу Шығыстағы нөсер жаңбыр сияқты сирек құбылыстар бұрын да болған", - дейді ол.

Жауын-шашын мөлшерін тек жергілікті, аз мөлшерде көбейтуге болады. Бірақ жаһандық деңгейде мүмкін емес.

"Табиғи процестерде қамтылған энергия өте ауқымды. Жел аймаққа су буын әкелетіндей етіп өзгерте алатын немесе қауіпті табиғи құбылыстарды толығымен жоя алатын бұлтты жүйелер құру мүмкін емес. Біз табиғатпен бәсекелесе алмаймыз. Сонымен қатар мұндай жұмыстар тәуекелдермен байланысты және олардың нәтижесі күмәнді болуы мүмкін", - деп түйіндеді Нұрлан Абаев.

Жаңалықтар
0