Өңірлер

Ақмола облысының екі ауылында төтенше жағдай енгізілуі мүмкін

© Sputnik / Елена БережнаяКрыши летали: пыльная буря сорвала крыши со зданий школ и сельского акимата в СКО
Крыши летали: пыльная буря сорвала крыши со зданий школ и сельского акимата в СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2021
Жазылу
Қазіргі кезде шұғыл штаб пен табиғи апат салдарын жою жөніндегі комиссия құрылды. Ал зардап шеккен ауыл тұрғындарына 100 мың теңгеден астам өтемақы төленеді деген жоспар бар

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Ақмола облысында болған қатты дауылдан кейін екі ауылда төтенше жағдай енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Астана TV арнасына сілтеме жасап.

Екі күні бұрын Степногорск қаласына жақын Бестөбе және Изобильное ауылдарында қатты жел электр желісін қиратып, үй мен гараждардың шатырын жұлып әкеткен. 150 үй жарықсыз қалды. Әлеуметтік желіде екі ауылда түсірілген видеолар да тараған болатын.

Қазіргі кезде шұғыл штаб пен табиғи апат салдарын жою жөніндегі комиссия құрылды. Ал зардап шеккен ауыл тұрғындарына 100 мың теңгеден астам өтемақы төленеді деген жоспар бар.

"Өтемақыны төлеу мерзімі – үш ай. Осы уақыт ішінде құжатты қайта рәсімдемеген адамдар бәрін ретке келтіре алады. Екі күн ішінде төтенше жағдайлар басқармасымен бірге бәрін дайындап, әлеуметтік қорғау басқармасына жібере аламыз. 1 тамыздан бастап ақшаны аударуға болады", - дейді Степногорск қаласының әкімі Еркебұлан Баяхметов.


Sputnik Қазақстан тілшісі Степногорск қаласының әкімдігіне хабарласып, төтенше жағдайды енгізу тәртібін білді. Әкімдіктің баспасөз қызметі әділет министрлігіне тиісті құжаттар жіберілгенін жеткізді.

"Біз 26 шілде күні әділет министрлігіне барлық құжатты жібердік. Енді жауабын күтіп отырмыз", - дейді баспасөз қызметінің мамандары.

Бестөбеде үш үйдің шатыры қираған. Ал Степонорск қаласына жақын Изобильное ауылында бұдан да қатты дауыл болды. 25 шілде күні кешкі сағат 18:00-дің кезінде желдің жылдамдығы секундына 25-30 метрге дейін жеткен. Соның салдарынан электр бағаналары құлады. 147 үй жарықсыз қалды. Қазіргі кезде "Көкше Энерго" ЖШС апаттық бригадасы қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті.

"Сондай-ақ қатты жел бірнеше үйдің шатырын жұлып әкеткен. Бір үйдің шатыры толығымен ұшып кетті, 29 үйде жартылай бұзылды. 17 электр бағанасы құлаған. Бұдан бөлек, ауыл клубының 20 шаршы метр, ал қазандық тұрған құрылыстың 100 шаршы метр аумағы шатырсыз қалды", - дейді құтқарушылар.

Дауыл кезінде жарақат алған және қайтыс болған адамдар жоқ.

Жаңалықтар
0