Архивтегі фото

Көлік қаққан зейнеткер бірнеше метрге ұшып түсті видеоның мән-жайы анықталды

714
(Жаңартылды 16:53 28.07.2021)
Жезқазғанда 67 жастағы жаяу жүргінші әртүрлі жарақат алып, дереу ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Жезқазған қаласында Nissan Patrol жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан зейнеткерді қағып кетті. Оқиға бейнебақылау камерасына жазылып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 📍JEZQAZǴAN|QAZAQSTAN 🇰🇿 (@jezcars)

Жол талғамайтын көлік қаққан әйел бірнеше метрге ұшып түскен. Видеода зардап шеккен әйел басын бір көтереді де, қайтадан сылқ ете түседі.  

Желі қолданушылары жүргізушінің көз алдындағы әйелді көрмегеніне таңғалып жатыр.

Қарағанды облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, жол апаты 27 шілде күні таңғы сағат 09.32-де Жезқазған қаласында болған.

"Ниссан Патрол көлігінің 50 жастағы жүргізушісі Сейфуллин  көшесімен келе жатып, 67 жастағы жүргіншіні қағып кеткен. Жол апаты кезінде әйел әртүрлі жарақат алған. Оны дереу ауруханаға жеткізді", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.

714
Архивтегі сурет

Шымкентте ер адам аттракционда көз жұмды

15
Технопаркке келген ер адам шамамен 45-50 жаста, "Молоток" аттракционында оның жағдайы нашарлаған

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Шымкентте "Қиял әлемі" технопаркінде ер адам қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша марқұмның жүрек талмасы ұстаған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері өлім себебін анықтап жатыр.

Технопаркте демалған куәгерлердің айтуынша, "Молоток" аттракционында 45-50 жастағы ер адам өзін жайсыз сезінген, деп хабарлайды otyrar.kz порталы.

Ер адамның жағдайы нашарлағанын байқаған адамдар бірден жедел жәрдем шақырады, алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Алдын ала қорытынды бойынша ер адамның жүрек талмасы ұстаған.

Сондай-ақ куәгерлер дәрігерлер келгенше дейін технопарк қызметкерлері де оған көмектесуге тырысқанын айтты. Бірақ оларда тіпті қарапайым дәрі қобдишасы да болмапты.

Бұл факті бойынша тексеріс басталды. Технопарк жұмысы уақытша тоқтатылды.

Өкінішке қарай, бұл "Қиял әлемі" технопаркінде болған алғашқы қайғылы оқиға емес. Биыл мамыр айында жазатайым оқиғадан 17 жастағы жігіт мерт болған еді. Жігіт мектеп бітірген, саябақта қосымша жұмыс істегені хабарланды. Ол аттракционың металл құрылымына шығып, құлап кеткен. Бозбала жедел жәрдем қызметі келгенше, оқиға орнында жан тапсырды.

Оқи отырыңыз: 

15
Кілт сөздер:
Шымкент, аттракцион
сиырлар

Малдары бруццелезге шалдыққан Солтүстік Қазақстан тұрғындары дабыл қақты

144
(Жаңартылды 10:33 23.09.2021)
Ауру жұқтырған сиырдың саны өткен жылмен салыстырғанда 10 есе көп. Соңғы айда 50 жағдай тіркелген

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның солтүстігіндегі бірнеше ауданда бруцеллез тіркелді, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Ауыл тұрғындары жалғыз табыс көзінен айырылғанын жеткізді. Адамдар көктемнен бері ветеринарлық қызмет аурудың асқынуын не себепті тоқтата алмағанын түсіне алар емес.

Михайловка ауылының тұрғыны Маргарита Кучерованың екі сиыры бруцеллезге шалдыққан, енді олардың да көзін жою көзделіп отыр.

Әйелдің сөзінше, барлығы көктемде басталған. Сол уақытта жергілікті фермердің 30-дан астам сиыры ауру жұқтырғаны анықталды.

"Сиырлар жаппай ауырып, бізде ауру өршіп жатыр. Толмачевкада, Асановода ауылында қазір тыныш, бірақ ветстанция әрекет етпей отыр. Неге олар дабыл қақпайды? Неге олар келіп, карантин енгізіп, аулаларды тазартпайды?", - деді Маргарита Кучерова.

Қазір ауыл тұрғындары келесі кезекте кімнің малынан бруцеллез шығуы мүмкін екенін білмей отыр. Барлығы биліктің не себепті карантин енгізбей отырғанына аң-таң. Адамдар осындай тәсіл арқылы өздерін етті арзан бағаға сатуға мәжбүрлейді деп болжады.

Асаново ауылының тұрғыны Евгений Маргердің сегіз сиырын алып кеткен. Оның сөзінше, мал – отбасының жалғыз табысы. Енді төрт баланың әкесі оларды қалай асырайтынын білмейді.

"Менің сегіз сиырымды алып кетті, осылайша маған жарты миллионнан астам шығын келді. Оларды бізден арзан бағаға сатып алып кетіп жатыр, әр килограммы үшін 700 теңге төледі. Бұл күлкілі баға, себебі килограммы 1 200 теңгеден сатылады, ал жас малдың еті 1 600 теңге. Мүмкін олардың жоспары осындай шығар", - деді Маргер.

Қызылжар ауданының мал дәрігерлері құрамына төрт ауыл кіретін Асанов ауылдық округінде бруцеллездің тарауы биыл 10 есе өскенін айтты. Соңғы айда 50 жағдай тіркелген. Мамандар аурудың таралуын тоқтату үшін ауылдарды карантинге жапқан.

"Зерттеу қорытындысы бойынша 9 шілдеден Плоское ауылына және 10 қыркүйектен Толмачевка ауылына карантиндік шектеулер енгізілді. Былтыр барлығы 11 жағдай тіркелген еді. Былтырмен салыстырғанда биыл ауырған мал басы 90 басқа артық. Барлық жерде механикалық тазалау жүргізілді. Содан кейін толық дезинфекция жасаймыз. Артынша дезинфекцияның сапасын зертхана арқылы тексереміз", - деді Қызылжар ауданының ветеринарлық станциясының директоры Ербол Бағенов.

Мамандардың пікірінше, аурудың күрт өсуіне малдың бақылаусыз қозғалысы себеп болған. Бруцеллез Есіл ауданында да тіркелген. Ол жерде жыл басынан бері 125 ауру мал анықталды. Қазір өңірде әрбір сиыр жоспарлы түрде тексеріліп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

144
Кілт сөздер:
Солтүстік Қазақстан облысы, бруцеллез, мал