Өңірлер

Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғындары үйлерінің дауылдан қирағанын дәлелдей алмай жүр

© Photo : Пресс-служба "Востокэлектро" КыргызстанаҚатты желдің салдары
Қатты желдің салдары - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2021
Жазылу
Ауыл әкімдігі көмек қолын созудан бас тартқан жоқ, алайда метостанция желдің жылдамдығы дауылды болғанын тіркемеген

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Қалбатау ауылының тұрғындары үйлерінің дауыл салдарынан қирағанын дәлелдей алмай жүр.

Шілденің 10 күні ауылда дауылды жел тұрып, үйлердің шатырын ұшырып, терезелерін сындырып, ағаштарды құлатты. Қатты жел электр желілерін де үзді, салдарынан тұрғындар бірнеше күн жарықсыз отырған. Желілер қалпына келтірілгенімен, ауылда байланыс әлі де нашар, өйткені дауыл ұялы байланыс мұнарасын құлатқан.

"Ауылға тап бір бомба түскендей болды. Дауылдан кейін айналамыз қирандыларға толып кетті. Әйелімнің көзі жастан құрғамайды, өзімнің де көңілім босап кетеді. Мұның бәрін қалай қалпына келтіреміз деп уайымдап жүрміз", - деді "Еуразия" бірінші арнасының" эфирінде ауыл тұрғыны Бейсенбай Жұманов.

Ауылда барлығы 19 үй зардап шеккен, оның көбінде зейнеткерлер тұрады. Тұрғындардың айтуынша, күз олар үшін ауыр мезгіл. Өйткені балаларды мектепке дайындау, қысқы мал азығын жинау, көмір сатып алу сияқты тұрмыстық мәселелер шешімін күтіп тұрады.

"Мұның бәріне ақшаны қайдан аламыз, қазірдің өзінде қарызға белшеден баттық", - дейді Зейнеш Ысқақаова. Aibat.kz арнасына берген сұхбаттан мәлім болғандай, ол үйін қалпына келтіру үшін 500 мың теңге қарыз алған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aibat__kz

Жергілікті әкімдік болса тұрғындарға көмек қолын созуға дайын. Алайда үйлердің шын мәнінде дауылдан қирағанын дәлелдеу қажет.

"Мұндай мақсатта ақша бөлу үшін метеостанция сол күні ауылда дауылдың болғанын растауы қажет. Станцияға өтінім жібердік, бізге желдің жылдамдығы секундына 19 метр болды деген жауап келді. Желдің мұндай жылдамдығы дауылды болып саналмайды", - дейді Қалбатау ауылдық округінің әкімі Берік Самежанов.

Ауылға ең жақын метостанция 30 шақырым жерде орналасқан. Синоптиктер Қалбатауда сол күні дауылды жел болды дегенді жоққа шығармайды. 10 шілдеде аймақта қатты жел соғып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады деген ескертулер жасалған. Алайда құжатқа тек метеостанция тіркеген желдің жылдамдығы ғана негіз бола алады.

Шығыс  Қазақстан облысының жетекші инженер-синоптигі Надежда Говоркованың айтуынша, дауыл тек ауылдың бір шетінде болуы мүмкін. Сондықтан метеостанция дауылды желдің жылдамдығын тіркей алмаған.

"Бұрын сұндай жағдайлар орын алғанда арнайы комиссия құрылатын. Қазір білуімше, мұндай комиссиялар жұмыс істемейді", - дейді ол.

Маманның айтуынша, бұрын желдің жылдамдығы жанама әдістер бойынша, яғни желден кейінгі қирандылар арқылы анықталатын. Бүгінгі күні талаптар басқа.

Шенеуніктер болса комиссия құрылғанын, тіпті шығын мөлшері есептелгенін айтады. Ол 43 миллион теңгеден аспағандықтан, зардап шеккендерге өтемақы төленбеді.

Оқи отырыңыз: Маңғыстауда ұшақ шаңды дауыл салдарынан қонуға мәжбүр болды – видео

Жаңалықтар
0