Өңірлер

Маңғыстауға жем-шөп сатып алуға тағы 5,3 млрд теңге бөлінеді

© AP Photo / Dmitri LovetskyТрактор везет сено
Трактор везет сено  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2021
Жазылу
Бұған дейін Маңғыстау облысындағы құрғақшылық салдарымен күресу үшін 2 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Құрғақшылықтан көп зардап шеккен Маңғыстау облысына қысқа жем-шөп сатып алу үшін тағы 5,3 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

"Бұл мәселе болған кезде үкімет резервінен 1,9 миллиард теңге бөлдік. Ол қаражат жеке қосалқы шаруашылықтар арасында – 40% және шаруа қожалықтары арасында 60% үлестіріле бастады. Оларға арзан бағаға мал азығын сатып алуы үшін ақша беріледі. Қазір қосымша 5,3 миллиард теңге іздестіру мәселесі пысықталып жатыр", - деді Ербол Қарашөкеев.

Қаражат Маңғыстау облысының жергілікті бюджетінен бөлінеді деп болжанды. Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының айтуынша, шаруалар қыс кезінде шөп жетіспеушілігі мәселесіне тап болуы мүмкін.

"Қыркүйектен кейін бұл жем болмауы да мүмкін. Олар жемді сатып алады, Маңғыстау облысына тасымалдайды және осы азықты өздерінде сақтайды. Қажет болған жағдайда қыс кезінде қандай да бір елді мекенде, жекелеген шаруа қожалықтарында жем-шөп жетпейтіндей жағдай туындаса, қолжетімді болуы қажет", - дейді министрдің міндетін атқарушы.

Қарашөкеев Маңғыстау облысында үлкен шабындық және жайылым жерлері жоқ екенін айтып өтті.

"Маңғыстау облысы – шөл дала, сондықтан қазір жергілікті атқарушы органдар мен ауыл шаруашылығы министрлігінің бірінші міндеті – қыста бұл маңда шөптің жеткілікті болуын қамтамасыз ету. Сондықтан бұл 5,3 миллиард теңге шөпті алдын ала келісілген баға бойынша Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан сатып алуға бағытталады. Аудандарға бөледі", - деді Қарашөкеев.

Айта кетері, Маңғыстау облысында құрғақшылық пен жем-шөп болмауынан 3 мыңға жуық мал қырылды.

Жаңалықтар
0