Өңірлер

Желіде көлік капотына мініп, туған күн тойлаған жастардың видеосы тарады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2021
Жазылу
Бозбалалар кінәсін толығымен мойындады, көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Атырауда қыз-жігіттер жеңіл автокөліктердің төбесі мен капотына мініп, көңіл көтерген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала көшелерінің бірінде түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Жастар Toyota Camry мен Lada 21725 көліктерінің төбесі мен капотына отырып алған.

Патрульдік полиция қызметкерлері тексеріс барысында 18 бен 19 жастағы жүргізушілерді анықтады.

Олар кінәсін толығымен мойындап, досының туған күнінде жолаушыларды көлік төбесіне, капоты мен жүк салғышына отырғызып тасымалдағанын растады.

Екеуіне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Toyota Camry айдаған 19 жастағы жүргізушіге 29 170 теңге, ал Lada 21725 автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісіне 43 755 теңге айыппұл салынды.

Жаңалықтар
0