Өңірлер

Нұр-Сұлтанда жалдамалы пәтер алатындардың тізімі жарияланды

© Sputnik / Абзал КалиевКілт, иллюстрациялық фото
Кілт, иллюстрациялық фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2021
Жазылу
Қор сайтында бағдарламадан өтпеген адамдардың тізімі де шықты, онда пәтер берілмеудің себебі көрсетілген

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй қоры жалдамалы пәтер алған адамдардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Биыл 27 маусым мен 7 шілде аралығында "Cатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасымен көп балалы отбасылардан құжат жиналған. Бағдарлама бойынша барлығы екі бөлмелі 285 пәтер таратылды. Осылайша 300-ге жуық отбасы жалдамалы пәтерге ие болды.

Ресми мәліметке сәйкес, осы жолы жалдамалы пәтерлер 2019 жылдың 24 маусымына дейін кезекке тұрған отбасыларға берілді. Тізімді мына жерден көруге болады.

Бұдан бөлек, тұрғын үй қоры бағдарламдан өтпеген адамдардың тізімін де жариялады. Онда пәтердің берілмеу себебі де көрсетілген.

"Бағдарлама бойынша өткендердің барлығына жақын арада Тұрғын үй орталығының қызметкерлері қоңырау шалып, әрі қарайғы әрекетті хабарлайды", - дейді мекеме мамандары.

Айта кетері, жалдамалы пәтерлер бес жылға беріледі. Ал ай сайынғы ақысы 5 000 теңгеден басталады.

Оқи отырыңыз: Сарапшылар үй қашан арзандайтынын айтты

 

Жаңалықтар
0