Өңірлер

Павлодар облысында 21 әкімге айыппұл салынды

© Sputnik / Ксения ВоронинаВъезд на СЭЗ Павлодар
Въезд на СЭЗ Павлодар - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2021
Жазылу
Облыстың полиция департаменті жол апатының алдын алу, жолдарда жарақат алу және өлім-жітімді азайту үшін тексеру жүргізген

АЛМАТЫ, 13 тамыз – Sputnik. Павлодар облысында жолдың сапасы нашар болғаны үшін ауыл әкімдері жазаланды.

Енді ауыл және ауылдық округтегі 21 әкім 4 миллион теңгеден астам айыппұл төлейді, деп хабарлады жергілікті Pavlodarnews.kz.

Облыстың полиция департаменті жол апатының алдын алу, жолдарда жарақат алу және өлім-жітімді азайту үшін жалпыға ортақ жолдарға тексеру жүргізген. Соның нәтижесінде 140 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Павлодар облысының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 5 441,1 шақырым. Жыл басынан бері автожолдарға 890 зерттеу жүргізілді, 2 027 ақау анықталды. 140 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 21 ауыл және ауылдық округ әкімі жазаланды", – деді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұржан Таңатаров.

Полицияның хабарлауынша, 18 әкім әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңның 630, 631 және 632-баптары ("жол, жерасты коммуникацияларды қарау құдықтарын күтіп-ұстау жөніндегі талапарды орындамау") бойынша, тағы 3 әкім әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңның 420-бабы ("жабайы сораны жоюға шара қолданбау") бойынша жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 4 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Жаңалықтар
0