Өңірлер

Желіде Каспий түбінен қоқыс жинап жүрген әкімнің видеосы тарады

© Sputnik / Anton Denisov / Медиабанкке өтуакваланг, архив сурет
акваланг, архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2021
Жазылу
Желі қолданушылары "әкімге респект", "эстафетаны орынбасарларға беру керек" деген сынды пікірлер жазып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысы Сайын Шапағат ауылының әкімі Қылыш Сайран Каспий түбін қоқыстан тазалауға үлес қосты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол үшін әкім дайвинг костюмін киіп, қолына себет ұстап теңізге сүңгіді. Акваланг киімін киген әкімнің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дайвинг центр Тайфун (@diving_aktau)

"Сайын Шапағат ауылының әкімі Сайран Қылыш өз бастамасымен Каспий түбіндегі қоқысты жинауға теңізге сүңгіді. Бұл аумақтағы жер асты әлемі өте әдемі, алайда сол сұлулықты теңіз түбінде жиналып қалған қоқыс бұзып тұр", - деп жазды дайвинг орталығының аккаунты.

Каспийге келетін демалушылар көп. Олардың кейбірі қоршаған ортаға зиянын тигізетін қоқысты қалдырып кетеді.

Табиғат жанашыры ретінде әкім теңізді сол қоқыстан тазартуға атсалысты. Ол теңіз түбінен пластик бөтелкелер мен чипсы пакеттерін, түрлі тағамның қалбырларын алып шықты.

Желі қолданушылары "жарайсың, үлгі аларлық", "әкімге респект", "эстафетаны орынбасарларға беру керек" деген сынды пікірлер жазып жатыр.

Оқи отырыңыздар: Каспий теңізіндегі өрт видеоға түсіп қалды

 

Жаңалықтар
0