Өңірлер

Жаңбыр салдарынан бірқатар өңірде жолдар зақымданып, қозғалыс қиындады

© REUTERS / Wolfgang RattayАвтомобиль едет по дороге, пострадавшей от наводнения, Германия
Автомобиль едет по дороге, пострадавшей от наводнения, Германия - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2021
Жазылу
Жамбыл облысында теміржол көпірін жаңбыр шайып кетті. Салдарынан алты жолаушы пойызының қозғалысына кедергі келді. Алматы облысында Жоламан елді мекенінде де жолдар бұзылды

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз - Sputnik. Оңтүстік өңірде жауған жаңбыр көлік инфрақұрылымын бұзды.

Жамбыл облысы Меркі ауданында қараралас жаңбыр болды. Аспара-Шу аралығындағы теміржол көпірі мен жергілікті жолды шайып кетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jambyl oblysynyń ТJD (@jambyl_tjd)

"Су өткізетін жасанды құрылыс толықтай жұмыс істеп тұрды. Алайда су көп болғандықтан, теміржол көпірінің негізін шайып кетті. Қазіргі уақытта жүк және жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр", - деп хабарлады "Қазақстан темір жолының" баспасөз қызметі.

Жолаушылар пойызы кешігіп жатыр:

  • №712 Шымкент-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол;
  • №78 Маңғыстау - Алматы-2;
  • №42 Атырау - Алматы-2;
  • №23 Алматы-1 - Ақтөбе;
  • №29 Алматы -2 – Атырау;
  • №33 "Алматы-2 – Ақтөбе".

Толық ақпарат алу үшін вокзалдардың анықтама бюросына немесе 105 бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуға болады.

Алматы облысында толассыз жаңбыр ауыл жолдарын бұзды, деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almatyobl_tjd (@almatyobl_tjd)

Жаңалықтар
0