Өңірлер

Күн қайта жылиды - синоптиктер үш күнге болжам жасады

© REUTERS / ARND WIEGMANNфонтан
фонтан - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2021
Жазылу
Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Тек солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста өткінші жаңбыр жауады

АЛМАТЫ, 16 тамыз – Sputnik. Қазгидромет мамандары 17-19 тамыз аралығындағы ауа райына болжам жасады. Соған сәйкес, республика бойынша күн қайты жылиды.

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Тек солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста өткінші жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ жел болады деген болжам жасалды.

Алдағы үш тәулікте күн жылы болады. Солтүстікте күндіз +25...+32°C, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +25...+37°C, орталық пен шығыста +20...+31°C жылы болады.

Қазақстанның батысында жауын-шашын болмайды, ауа температурасы +32...+43°C көрсетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Алматыда 17-19 тамызда күн ашық болады. 17 тамызда ауа температурасы түнде +13°C, күндіз 22°C көрсетеді. Ал 18 тамызда +17...+25°C жылы болады. 19 тамызда +19...+27°C жылыны көрсетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында 17 тамызда күн алабұлтты, найзағай ойнап, аздаған жаңбыр жауады. Түнде +15°C, күндіз +27°C жылы болады. 18 тамызда өтпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауады. Түнде +16°C, күндіз +26°C болады. 19 тамызда күн алабұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Түнде +16°C, күндіз +24°C жылы болады.

Шымкентте 17-19 тамыз аралығында күн ашық, түнде ауа температурасы +19°C болады. Күндіз +31...+35°C көрсетеді.

Оқи отырыңыз: Министрлік қазақстандықтардан көмек сұрады

 

Жаңалықтар
0