Өңірлер

Өскеменде әскери қызметші ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевЭлектронный паспорт вакцинации
Электронный паспорт вакцинации  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2021
Жазылу
Жалған вакциналау паспортын жасағандар төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылады, ал оны қолданғандар 40 тәулікке дейін қамауға алынады

НҰР -СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында вакциналау паспортын қолдан жасау фактісі анықталды.

ІІМ Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасының Өскемен бөлімі қаладағы емханаларда әскери қызметшілерге вакцина паспорттарын қолдан жасап сатқандарды анықтады. Бұл туралы ведомство хабарлады.

"Ақша үшін Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне әскери қызметкерлерге вакцина салынғаны туралы жалған ақпарат енгізген медицина қызметкерлері әшкереленді", - дейді аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл майор Азамат Мұхаметқалиев.

Жалған вакциналау паспорты ұсталған әскери қызметшіге ПТР-тест тапсырмастан қызметте болуға, сондай -ақ Ashyq қосымшасы арқылы мекемелерге кедергісіз кіруге мүмкіндік берген.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Вакцина құжатын сатып алғандарға "рақымшылық" жасау ұсынылды 

Ішкі істер министрлігі жалған құжат жасағаны үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны қолданғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу түрінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын еске салды.

Жаңалықтар
0