Өңірлер

Ashyq-қа қосу үшін ақша алған: Санэпидбақылаудың бас маманы қамауға алынды

© Photo : "Правительство для граждан" Ashyq арқылы кіру, архив сурет
 Ashyq арқылы кіру, архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2021
Жазылу
Күдіктіге қатысты үкімді оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады, дейді агенттіктегілер

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Кентау қаласында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы ұсталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

"Аталған лауазымды тұлға Сovid-19 коронавирустық инфекциясының таралуын тежеу бойынша мемлекет қабылдап жатқан шараларға қарамастан, кәсіпкерлерден Ashyq жобасын енгізуге оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беру үшін 100 мыңнан 120 мың теңгеге дейін пара алды", - делінген ресми хабарламада.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128-бабына сәйкес, күдікті ұсталып, Түркістан қалалық полициясының уақытша қамау изоляторына тоғытылды.

"Күдіктіге қатысты үкімді оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады", - дейді агенттік мамандары.

Айта кетері, Ashyq жобасының қатысушысы болу үшін алдымен InfoKazakhstan сайтында өтініш беру керек.

"Маңызды ақпарат" бөлімінде әрбір кәсіпкерлік нысанға қатысты санитарлық-эпидемиологиялық ережелер көрсетілген. Бизнесті сол талаптарға сай келтіру керек. Содан кейін ғана жобаға тіркелуге болады.

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасының мәліметіне сәйкес, республика бойынша 22 мың кәсіпкер Ashyq жобасына қосылды. Бүгінде апта сайын 1-5 мың бизнес тіркеліп отырады.

Оқи отырыңыз: 42 500 теңге төлеуге негіз жоқ – кәсіпкерлер палатасы

 

Жаңалықтар
0