Өңірлер

Ақтөбеде автобус жүргізушілері екі күннен бері жұмысқа шықпай отыр

© Sputnik / Евгений Самарин / Медиабанкке өтуСалон автобуса
Салон автобуса - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2021
Жазылу
Жүргізушілер шілде айының жалақысын талап етіп отыр. Ал тұрғындар қоғамдық көлік тоқтап тұрған кезде такси бағасы қымбаттады деп шағымдануда

 

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз — Sputnik. Ақтөбеде бір топ қоғамдық көлік жүргізушілері екі күннен бері жолға шықпады. Олар жол ақысы үшін жақында ғана қолданысқа енгізілген картамен емес, қолма-қол ақшамен төлеуді және шілдедегі жалақыны өтеуді талап етіп отыр.

Жалақы алудың жаңа әдісінен бас тартқандар банк картасын ашу мүмкіндігі жоқ екенін жеткізді  Себебі кредит бойынша берешек бар. Ал тағы басқалары алимент үшін ақша ұстап қалғанын қаламайды, деп жазды "Мой город".

Ақтөбе әкімінің орынбасары Қуандық Қасымов қалалық көлік проблемасын шешу үшін әлеуметтік маңызы бар бағдарларды субсидиялау туралы шешім қабылданды. Құжат келісу үшін әділет министрлігіне жіберілген. Билік бюджеттен бөлінген субсидияға тасымалдаушылар өз паркін жаңартып, жүргізуші мен кондуктор жалақысын төлейді деп үміттеніп отыр. Сонымен қатар тағы үшінші тасымалдаушыны тарту бойынша мәселе қаралуда. Бүгінде Ақтөбеде жолаушылар тасымалымен екі автопарк айналысады.

Алайда әкімдік жаңа тасымалдаушы қашан пайда болатыны туралы нақты мәлімет бермеді.

Бүгін жолға шықпаған "Автопарк" ЖШС жүргізушілері өздерінің алимент пен кредит бойынша қарыздары жоқ екенін айтты. Олар электронды билет жүйесіне де қарсы емес. Бірақ олар шілде айының жалақысын талап етіп отыр.

"Автопарк", ЖШС-дағы кейбір жүргізушілер кеше де жұмысқа шықпады. Жағдайды тұрақтандыру үшін екінші автопарк, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі және "Автопаркпен" бірге жетіспейтін автобус бағдарлары толықтырылып жатыр", - деп түсіндірді қалалық әкімдікте.

Ақтөбеде қоғамдық тасымалдау қызметімен айналысатын екі автопарк бар: "Автопаркте" 32, Жолаушылар автокөлік кәсіпорнында 19 бағдар бар.

Жаңалықтар
0