Өңірлер

Атырау облысында тұрғындарды вакциналау үшін тегін пойыз іске қосылды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2021
Жазылу
Тегін тасымалдау акциясы "Атырау – Сағыз" бағытымен бірге "Атырау – Құрманғазы" бағытында да жалғасады. Ауыл тұрғындары облыс орталығында вакцина салдыра алады

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Атырау облысында ауыл тұрғындарының вакцина алуы үшін "Дені саудың – жаны сау" атты тегін әлеуметтік пойыз іске қосылды. Ол Сағыз-Атырау және Құрманғазы-Атырау бағытында қатынайды.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Қызылқоға ауданына жұмыс сапары аясында Сағыз стансасынан жолға шыққан тегін пойыздың вагондарын аралап, жолаушыларға сәт сапар тіледі, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Бұл тұрғындардың екпе алуына жағдай туғызу мақсатында ұйымдастырылып отырған бастама, өйткені індетпен күресудің бірден-бір жолы вакцина алу", - деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Қызылқоға ауданының халқы үшін 60 орындық екі вагон жасақталған.

"Қазіргі таңда облыста 59 екпе алу пункті бар. Оның 10-ы – жылжымалы пунктер. Әлеуметтік пойыз жолаушылары үшін Атырау темір жол ауруханасында және №7 Атырау қалалық емханасында екі егу пункті қарастырылған", - деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев.

Жолаушылардың кейбірі вакцинаны алғаш алғалы жатса, енді бірі екінші компонентін салдырмақшы.

Қызылқоға ауданының құрметті азаматы Байғали Досымбаев арнайы пойыз арнап, екпе алуға жағдай жасап жатқан облыс басшылығына ризашылығын білдірді.

Тағы оқыңыз: Вакцина алмаған студенттер сабаққа кіре алады – министрлік түсініктемесі

"Бұған дейін қан қысымым жоғары болғандықтан, екі рет екпе ала алмап едім, кейін бала-шағамыздың денсаулығы үшін отбасымызбен вакцина салдырдық. Балаларымызға да үнемі айтып отырамыз. Оның үстіне қазір әлеуметтік желілер арқылы да теріс түсінік қалыптастырып, халықты екіге бөліп қойып отырғандар бар. Жалған ақпараттарға да тоқтам болуы керек", - дейді Байғали Досымбаев.

Тегін тасымалдау акциясы "Атырау – Сағыз" бағытымен бірге "Атырау - Құрманғазы" бағытында да жалғасады.

Жоба "Қазақстан темір жолы" АҚ бастамасымен Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен іске асуда.

Жаңалықтар
0