Өңірлер

Шымкентте жүздеген мұғалім үстеме ақыны мемлекетке қайтаруға мәжбүр болды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге купюры банкноты
Деньги, тенге купюры банкноты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2021
Жазылу
344 мұғалім бұдан 2-3 жыл бұрын жалған құжат жасатып, үстеме ақы алып келгені сотта дәлелденді

НҰР -СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Шымкентте біліктілігін арттыру сертификатын сатып алған ұстаздар бар, деп хабарлады "Хабар 24".  

Яғни 344 мұғалім бұдан 2-3 жыл бұрын жалған құжат жасатып, үстеме ақы алып келген. Олардың көбі алған ақшасын сотқа дейін-ақ қайтарған. Ал 23-і кінәсін мойындамаған. Алайда сотта анықтаманың жалған екені дәлелденді. Яғни олардың аты-жөні республикалық тестілеу орталығының деректер базасында тіркелмеген. Ал сертификатты сатқандардың ісі сотта "Алаяқтық" фактісі бойынша қаралып жатыр.

Күдіктілер қатарында қалалық білім басқармасының қызметкері мен аттестаттау комиссиясының төрағасы бар.

"Білім басқармасының талап арызы толық қанағаттандырылып, біліктілік санатын беру туралы куәліктері жарамсыз деп танылды және 23 жауапкерден 15 миллионға жуық ақша мемлекет пайдасына өндірілді. Төрт жауапкерге қатысты бөлігі талап қоюшының арызы бойынша қараусыз қалдырылды", - деді қалалық Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Нұрғали Исмаилов.

Жаңалықтар
0