Өңірлер

Павлодар полициясы жұмысшыларды жанар-жағармай ұрлап жатқан жерінен ұстады – видео

© Photo : Пресс-служба Qazaq oilАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2021
Жазылу
Полиция қылмыс жасады деген күдікпен 50 және 47 жастағы екі павлодарлықты ұстады, шығын 17 миллион теңгені құрап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Павлодар полициясы жанар-жағармай ұрлаған жұмысшыларды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалды полиция басқармасы жанар-жағармай ұрлады деген күдікке ілінгендердің қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

Анықталғандай, күдіктілер – Павлодардың жанармай құю стансаларына мұнай өнімдерін тасымалдаумен айналысатын ұйымның қызметкерлері.

"Олар алдын ала схема құрып, сол бойынша әрекет еткен. Өздері тасыған жанармайды құйып алып, артынша басқа жаққа тасымалдаған", - деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Полиция қылмыс жасады деген күдікпен 50 және 47 жастағы екі павлодарлықты ұстады.

Алдын ала мәлімет бойынша шығын 17 миллион теңгені құрайды.  

Тағы оқыңыз: Оңтүстікте мұнай құбырынан шикізат ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-тармағы 2-тармақшасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз, жеті жылдан он екі жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Күдіктілерге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Жаңалықтар
0