Өңірлер

Жамбыл облысындағы жарылыс: дәл қазір не болып жатыр — фото

© Sputnik / Тимур БатыршинТараздағы блок пост
Тараздағы блок пост - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Жазылу
Жолды жол-патрульдік полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан қызметкерлері қоршап тұр

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, 27 тамыз — Sputnik. Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасының жарылғанына байланысты Алматы-Тараз тас жолы әлі жабық тұр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жолды жол-патрульдік полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан қызметкерлері қоршап тұр. Олар оқиға орнына өткізбейді, айналып өтуге жол көрсетеді.

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы - Тараз жолындағы полиция көлігі
Жамбыл облысындағы жарылыс: дәл қазір не болып жатыр — фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Алматы - Тараз жолындағы полиция көлігі

Қазір жарылыс болған жерде өрт басылған, алайда қою қара түтін алыстан көрінеді.

© Sputnik / Тимур БатыршинӨрттен кейінгі қою түтін
Жамбыл облысындағы жарылыс: дәл қазір не болып жатыр — фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Өрттен кейінгі қою түтін

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде 26 тамыз сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірі өртеніп, жарылыс болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Бұл бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан.

Байзақ ауданының Қайнар, Ботамойнақ, Жібек Жолы ауылдары мен Үшбұлақ стансасының тұрғындары –  шамамен 1200 адам Тараз қаласындағы мектептерге эвакуацияланды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Тараз LIFE (@taraz_life)

Жаңалықтар
0