Өңірлер

Бірқатар өңірде үсік жүреді – ертеңге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Владислав ВодневЛето 2021 в Нур-Султане
Лето 2021 в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2021
Жазылу
Дүйсенбі күні Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз — Sputnik. 30 тамыз күні елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ертең солтүстік пен шығыста найзағай ойнап, жел күшейіп, қатты жауын болады. Оңтүстікте - шаңды дауыл, солтүстікте, орталықта, шығыс пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұршақ жауады. 

Батыс, солтүстік-батыс пен солтүстікте жауын-шашын болмайды.

Дабылды ескерту

Дүйсенбі күні таңертең және күндіз Қызылорда облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн күркірейді. Солтүстік-батыс пен солтүстіктен жел соғады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысында түнде батыс, солтүстік, солтүстік-батыста күн күркірейді. Күндіз батыс, солтүстік, солтүстік-батыста желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Күндіз 30 тамызда Ақтөбе облысының солтүстік-шығысы мен солтүстігінде желдің екпіні секундына 16 метрге жетеді. Басым бөлігінде өрт қаупі сақталады. 

Түнде Павлодар облысында қатты жауын болады. Күндіз шығысында бұршақ жауады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Дүйсенбіде Қарағанды облысының орталығында тұман болады. Оңтүстік-батыста өрт қаупі жоғары. 1 қыркүйек түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді. 

30 тамыз түнде Қостанай облысында ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді.

30 тамыз - 1 қыркүйек түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында да үсік жүреді. 

Ақмола облысында да үсік жүреді.

Түркістан облысында жел болады, өрт қаупі сақталады.

Ірі қалалардағы ауа райы 

Нұр-Сұлтанда да дабылды ескерту жарияланды. Түнде плюс 5-7, күндіз 16-18 градус жылы.

Алматыда да дабылды ескерту. Күн күркірейді, түнде 19-21 градус жылы, күндіз плюс 30-32.

Шымкентте түнде плюс 18-20, күндіз 33-35 градус ыстық.

Жаңалықтар
0