Өңірлер

Таксимен Алматыға жеткен: полиция 17 жастағы қызды осымен тоғызыншы күн іздеп жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2021
Жазылу
17 жастағы бойжеткен тоғыз күн бұрын үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында полиция хабар-ошарсыз кеткен 17 жастағы қызды іздестіріп жатыр.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2004 жылғы Сизикова Ирина Александровна Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында тұрады.

25 тамыз күні сағат 8:30 шамасында қыз үйден шығып, сол күйі оралмаған.

"Қыз таксимен Алматы қаласына, Барахолка ауданына жеткені анықталды", - деп мәлімдеді полиция департаментіндегілер.

Белгілері: бойы 163 см., шымыр денелі, шашы бидай түсті, ұзын, көзі көк. Үстіне көк күртке, көк джинс шалбар, аяғына күміс түсті босоножка киген.

Полиция қызды көрген-білгендерден мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 8 705 770 03 38; 8 705 333 10 33; 8 701 375 92 91 немесе 102.

Жаңалықтар
0