Өңірлер

Тоқаев СҚО-ға жұмыс сапарымен барды

© Photo : Facebook / Берік УәлиКасым-Жомарт Токаев прибыл в Северо-Казахстанскую область
Касым-Жомарт Токаев прибыл в Северо-Казахстанскую область - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2021
Жазылу
Президент сапар барысында индустриалды кәсіпорындарды аралап көріп, өңірдегі егін жинау науқанының барысымен танысады

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлі хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді. Президент сапар барысында индустриалды кәсіпорындарды аралап көріп, өңірдегі егін жинау науқанының барысымен танысады", - деп жазды Уәлі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетері, бұған дейін дейін ауыл шаруашылығы министрлігі биыл жиналатын астық көлемі 20 процентке аз, шамамен, 15 миллион тонна болады деген болжам жасаған. Ал Солтүстік Қазақстан облысы егін егетін негізгі аймақ болып саналады.

Жаңалықтар
0