Өңірлер

Екібастұздың 75 жастағы тұрғыны жалған құжат жасаумен айналысқан

CC0 / Oliver Menyhart / құжаттар
құжаттар - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2021
Жазылу
Тергеу анықтағандай, ер адам оқу-курсы комбинатының директоры қызметінде болған кезде курсты аяқтағаны туралы бес біліктілік куәлігін дайындаған

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек — Sputnik. Екібастұз оқу-курс комбинатының директоры жалған құжат дайындады деген күдікке ілінді, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу анықтағандай, ер адам оқу-курсы комбинатының директоры қызметінде болған кезде курсты аяқтағаны туралы бес біліктілік куәлігін дайындаған. Одан кейін бұл куәліктерді акционерлік қоғам қызметкеріне сатқан, деп хабарлады полицияда.

75 жастағы ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бірнеше рет жасалған мұндай қылмыстық әрекет үшін 4000 АЕК (11 668 000 теңге немесе 27 359 АҚШ доллары) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Министрлік жалған вакцина паспортын жасау бойынша қанша қылмыстық іс қозғалғанын айтты

Жаңалықтар
0