Өңірлер

"Шіріген иіс шығады": Түркістан облысының тұрғындары ауыз суға зәру

© Sputnik / Елена Бережнаясу қоймасы
су қоймасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2021
Жазылу
Тұрғындар ауыз суды сатып алуға немесе 75 көп қабатты үйді қамтамасыз ететін су таситын көлікті сағаттап күтуге мәжбүр

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек — Sputnik. Түркістан облысы Шардара қаласының 30 мыңнан астам  тұрғыны ауыз судан тапшылық көріп отыр.

Тұрғындар ауыз суды сатып алуға немесе 75 көп қабатты үйді қамтамасыз ететін су таситын көлікті сағаттап күтуге мәжбүр, деп хабарлады "Еуразия" бірінші арнасы.

Қалаға су құбыры тартылғанымен, кәріздің иісінен крандағы суды пайдалану мүмкін емес.

"Балық шіріп кеткендейі иіс шығады. Жуынған соң үстіңнен де осындай иіс шығады. Тіс тазалағанда лоқсып тұрамыз," - дейді тұрғындардың бірі Зылиха Тәшімбетова.

Шардара қоймасындағы су деңгейі құбырлардан төмен жатыр. Суды сүзгіден өткізетін станция жабылудың аз-ақ алдында тұр. Көп жылдан бері жөндеу көрмеген станцияның қуаты көп қабатты тұрғын үйлер мен жергілікті ауруханаға су беруге қауқарсыз.

Ауруханадағылар суды тек техникалық мақсатта пайдаланатындарын айтты. Ауыз су мұнда әкімдік тапсырмасы бойынша жеткізіледі.

Қуаңшылық салдарынан қоймадағы су фермерлер арасында бөлінген. Қала тұрғындарына су жетпей жатыр.

"Қазіргі күні қоймада 667 миллион текше су бар. Мұндай жағдай 40 жылда бірінші рет болып тұр. Су деңгейі биыл айтарлықтай төмен, алайда ақырындап толып келеді", - дейді су қоймасының инженері Бақыт Құлманов.

Қазіргі күні облыс су бөлу туралы Өзбекстанмен келіссөздер жүргізуде.

Алайда көршілер тек қараша айынан кейін ғана көмектесе алады.

Сонымен қатар мәселені шешу үшін Келес өзенінен Шардараға су жіберу жұмыстары қолға алынды.

Жаңалықтар
0