Өңірлер

Мамин "қызыл" аймақта тұрған өңірлердің әкімдеріне тапсырма берді

© Sputnik / Владислав ВодневЖители столицы на улицах города
Жители столицы на улицах города - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2021
Жазылу
Жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Вирустың репродуктивтілік индексі – 0,87. Ауруханалардың жүктемесі де азайды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин "қызыл" аймақта тұрған өңірлерде коронавирус жұқтыру деңгейін төмендетуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мамин "қызыл" аймақтан шығып жатқан өңірлер саны артып келе жатқанын айтты.

"Қазіргі басты міндетіміз – қызыл аймақтағы өңірлерде вирус жұқтыру деңгейінің орнықты төмендеуіне қол жеткізу. Бұл үшін эпидемиологиялық жағдайды ұдайы бақылауда ұстау қажет, әсіресе Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарында", - деді премьер үкімет отырысында.

Айтуынша, жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Вирустың репродуктивтілік индексі – 0,87.

Ауруханалардың жүктемесі де азайды. Инфекциялық ауруханалар 35%-ке, жансақтау бөлімдері 35%-ке толы.

Сондай-ақ Мамин 7,1 миллионға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін, 6 миллион адам екінші компонентін алғанын атап өтті. Үкімет басшысы Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарының әкімдеріне халықты вакциналау жұмысын күшейтуді тапсырды.

Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарында санитарлық нормалардың сақталуын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Жаңалықтар
0