Өңірлер

Атырау облысында ата-ана балабақшада болған жағдайды видеоға түсіріп алды

© pixabay / irfanahmadYoutube на телефоне
Youtube на телефоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2021
Жазылу
Видео түсірген келіншек үйінде ауырып жатқан баласының киімін алып кету үшін бақшаға келген кезде белгісіз зат шашып жүрген ер адамды көрген

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының Жылыой ауданындағы "Әсем" балабақшасына арнайы киім киген ер адам дезинфекциялық зат шашқан. Ата-аналар мұны видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Астана TV арнасына сілтеме жасап.

Видеоны түсірген келіншектің айтуынша, үйінде ауырып жатқан баласының киімін алып кету үшін бақшаға келген кезде белгісіз зат шашып жүрген ер адамды көрген. Мектепке дейінгі мекеменің шаруашылық меңгерушісі де залалсыздандыру маманының ғимаратқа кіргенінен хабарсыз көрінеді. Ал білім басқармасының мәліметінше, ғимарат ішінде масаға қарсы дезинфекция жүргізілген. Балалар ол уақытта аулада болған.

"Дизсервис" компаниясы келісімшартқа сәйкес  жүктелген міндетті атқарып жатыр. Бұл жерде балаларға зақым тиетін немесе қызметкерлердің қандай да бір улану фактілері болған жоқ", - дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова.

Жаңалықтар
0