Алматыдағы мотопатруль

Алматыдағы мотопатрульдер: полицияның жаңа бөлімшесі қалай жұмыс істейді

69
Мотопатрульдер жоғары жеделдігімен және ептілігімен ерекшеленеді – полицейлер мегаполистегі жол кептелісін күтпей, жол апаты орнына жылдам жете алады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Sputnik Қазақстан тілшісінің жиырмаға жуық мотопатрульдің пайда болуы Алматының жалпы ахуалына қалай әсер етті және бұл бөлімшенің болашағы қандай деген сұрақтарына Алматы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Манап Саттаров жауап берді.

Тиімділігі жоғары

Алматы көшелерінде мотопатрульдер жүргеніне бір ай толмаса да, оның тиімділігі қазірдің өзінде байқалып жатыр. Автосүйерлер жол кептелісінде тұратын уақыт азайғанын айтады. Бұл жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта басталып, Алматы көшелеріндегі көлік саны артқанына қарамастан қалыптасып отырған оң өзгеріс.

Инспектор на месте ДТП
© Sputnik / Тимур Батыршин
Жол апаты болған жерге келген инспектор

Тағы бір тиімділігі – жол апатына ұшыраған жүргізушілерге сағаттап кезекші топты күтудің қажеті жоқ: мотопатруль оқиға орнына жету үшін он-жиырма минут қана қажет болады.

"Біз жаңа нәрсе ойлап тапқан жоқпыз. Бүкіл әлемнің үлкен қалаларында мотоциклдер кеңінен қолданылады. Еліміздің ең үлкен мегаполисі болғандықтан Алматы да осындай бөлімшеге зәру деген тұжырымға келдік. Себебі мұнда көлік өте көп", - дейді Алматы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Манап Саттаров.

Инспектор на месте ДТП
© Sputnik / Тимур Батыршин
Мотопатрульдер жол апаты болған жерге 10-20 минутта жетеді

Оның айтуынша, жаңа бөлімше қызметкерлері міндетінің автоэкипаж құрамындағы жол-патрульдік полиция өкілдерінің жұмысынан еш өзгешелігі жоқ. Мұнда бар басымдылық мотоциклдың көмегімен кез келген жерге әлдеқайда жылдам жетуде болып отыр.

"Нәтижені көріп отырмыз. Жұмыс істеген 20 күннің өзінде мотопатрульдер келіп түскен 299 қоңырау бойынша қызмет көрсетіп, кептеліс уақытында көлік жүктемесін реттеу үшін 70-тен аса жол қозғалысын қалыпқа келтірді. Себебі автокөліктегі полиция қызметкерлері ол аумаққа тез жете алмайтын. Сонымен қатар 70 жол апатына қызмет көрсетіліп, 800-ден астам жол ережесін бұзу фактісі анықталды. Бұдан басқа, мотопатрульдер бір ұрлық және үш  бұзақылық қылмысын ашты", - дейді полковник Саттаров.

Начальник управления Местной полицейской службы департамента полиции Алматы Манап Саттаров
© Photo : пресс-служба департамента полиции Алматы
Алматы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Манап Саттаров

Мотоцикл мінген майор

Полицияның жаңа бөлімшесіне қызметке тұру үшін мотоцикл айдау жеткіліксіз. Себебі әрбір қызметкердің жол-патрульдік қызметте үлкен тәжжірибесі болуы керек. Сондықтан қос дөңкелекті көлік мінген майорды көру қалыпты жағдай болмақ.

Алматы полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің аға инспекторы Зәкір Мұсаханов құқық қорғау органдарына қызметке 2000 жылы келген. Ол қызметінің көп бөлігін патрульдік полицияда өткізіп, соңғы уақытта автоэкипаж құрамында жол апаты оқиғаларын рәсімдеумен айналысқан. Жаңа қызмет жайлы естігенде ол көлікті мотоциклге айырбастағысы келетінін алғаш айтқандардың бірі болған.

Мотопатруль в Алматы
© Sputnik / Тимур Батыршин
Кәсіби нұсқаушылар полицейлерге үш ай бойы мотоцикл айдауды үйретті

"Мотоциклге алғаш рет 25 жасымда отырдым. Оны жеңіл басқара аламын. Мотоцикл маған ұнайды. Кәсіби нұсқаушылар бізге үш ай бойы мотоцикл айдауды үйретті. Оның аясында бастапқы курс, содан кейін негізгі курс өткізіліп, яғни, мотоциклде маневр жасау, жедел тежеу әдістері пысықталды", - дейді Зәкір Мұсаханов.

Адамдар мазасызданады

Ол полиция департаменті мотопатруль құрамында қызмет ететін тәртіп сақшыларын іріктеуде қатаң талап қойылғанын айтты. Комиссия құрамында болған қалалық полиция басшысы әрбір қызметкердің дайындығын жеке тексерген.

Старший инспектор полка патрульной полиции департамента полиции Алматы Закир Мусахунов
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматы полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің аға инспекторы Зәкір Мұсаханов

"Мотоцикл жоғары жылдамдықта жүретін техника екені белгілі. Оны жүргізу автоэкипажға қарағанда әлдеқайда қауіпті. Бірақ мотоциклды пайдалануға қажеттілік туындап отыр. Бүгін бес сағаттың ішінде сегіз жол апаты бойынша қызмет көрсеттім. Ауысым аяқтталғанша тағы төрт-бесеуі пайда болатыны анық. Көлік жүргізсем, онда осының жартысына да үлгермес едім. Ал адамдар полицияны күтіп, мазасызданатын еді", - дейді майор Мұсаханов.

Болашақтағы жоспар

Алматы полиция департаменті атап өткендей, қаладағы мотопатрульдер жұмысының тиімділігі қыс мезгілінде мотоциклдерді консервацияға қойғаннан кейін қатты байқалады. Сол шақта автожүргізушілер үшін жол кептелісі қайтадан кезекті проблемаға айналады.

"Мотопатрульдер жылына сегіз ай – 1 сәуірден 1 қарашаға дейін қызметте болады. Қыс мезгілінде көліктің бұл түрін қолдану мүмкін емес. Олардың тиімділігін ескере отырып, келесі жылы мотопатрульдер санын арттыру үшін қосымша мотоциклдер тарту мәселесін талқылап жатырмыз", - деді Манап Саттаров.

Оның айтуынша, Алматы көшелерінде пайда болатын қосымша мотоциклдер санын қазір нақты айтуға ерте. Барлығы мегаполис жолдарындағы жағдайға байланысты болады.

69
Архивтегі сурет

Шымкентте ер адам аттракционда көз жұмды

31
Технопаркке келген ер адам шамамен 45-50 жаста, "Молоток" аттракционында оның жағдайы нашарлаған

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Шымкентте "Қиял әлемі" технопаркінде ер адам қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша марқұмның жүрек талмасы ұстаған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері өлім себебін анықтап жатыр.

Технопаркте демалған куәгерлердің айтуынша, "Молоток" аттракционында 45-50 жастағы ер адам өзін жайсыз сезінген, деп хабарлайды otyrar.kz порталы.

Ер адамның жағдайы нашарлағанын байқаған адамдар бірден жедел жәрдем шақырады, алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Алдын ала қорытынды бойынша ер адамның жүрек талмасы ұстаған.

Сондай-ақ куәгерлер дәрігерлер келгенше дейін технопарк қызметкерлері де оған көмектесуге тырысқанын айтты. Бірақ оларда тіпті қарапайым дәрі қобдишасы да болмапты.

Бұл факті бойынша тексеріс басталды. Технопарк жұмысы уақытша тоқтатылды.

Өкінішке қарай, бұл "Қиял әлемі" технопаркінде болған алғашқы қайғылы оқиға емес. Биыл мамыр айында жазатайым оқиғадан 17 жастағы жігіт мерт болған еді. Жігіт мектеп бітірген, саябақта қосымша жұмыс істегені хабарланды. Ол аттракционың металл құрылымына шығып, құлап кеткен. Бозбала жедел жәрдем қызметі келгенше, оқиға орнында жан тапсырды.

Оқи отырыңыз: 

31
Кілт сөздер:
Шымкент, аттракцион
сиырлар

Малдары бруццелезге шалдыққан Солтүстік Қазақстан тұрғындары дабыл қақты

245
(Жаңартылды 10:33 23.09.2021)
Ауру жұқтырған сиырдың саны өткен жылмен салыстырғанда 10 есе көп. Соңғы айда 50 жағдай тіркелген

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның солтүстігіндегі бірнеше ауданда бруцеллез тіркелді, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Ауыл тұрғындары жалғыз табыс көзінен айырылғанын жеткізді. Адамдар көктемнен бері ветеринарлық қызмет аурудың асқынуын не себепті тоқтата алмағанын түсіне алар емес.

Михайловка ауылының тұрғыны Маргарита Кучерованың екі сиыры бруцеллезге шалдыққан, енді олардың да көзін жою көзделіп отыр.

Әйелдің сөзінше, барлығы көктемде басталған. Сол уақытта жергілікті фермердің 30-дан астам сиыры ауру жұқтырғаны анықталды.

"Сиырлар жаппай ауырып, бізде ауру өршіп жатыр. Толмачевкада, Асановода ауылында қазір тыныш, бірақ ветстанция әрекет етпей отыр. Неге олар дабыл қақпайды? Неге олар келіп, карантин енгізіп, аулаларды тазартпайды?", - деді Маргарита Кучерова.

Қазір ауыл тұрғындары келесі кезекте кімнің малынан бруцеллез шығуы мүмкін екенін білмей отыр. Барлығы биліктің не себепті карантин енгізбей отырғанына аң-таң. Адамдар осындай тәсіл арқылы өздерін етті арзан бағаға сатуға мәжбүрлейді деп болжады.

Асаново ауылының тұрғыны Евгений Маргердің сегіз сиырын алып кеткен. Оның сөзінше, мал – отбасының жалғыз табысы. Енді төрт баланың әкесі оларды қалай асырайтынын білмейді.

"Менің сегіз сиырымды алып кетті, осылайша маған жарты миллионнан астам шығын келді. Оларды бізден арзан бағаға сатып алып кетіп жатыр, әр килограммы үшін 700 теңге төледі. Бұл күлкілі баға, себебі килограммы 1 200 теңгеден сатылады, ал жас малдың еті 1 600 теңге. Мүмкін олардың жоспары осындай шығар", - деді Маргер.

Қызылжар ауданының мал дәрігерлері құрамына төрт ауыл кіретін Асанов ауылдық округінде бруцеллездің тарауы биыл 10 есе өскенін айтты. Соңғы айда 50 жағдай тіркелген. Мамандар аурудың таралуын тоқтату үшін ауылдарды карантинге жапқан.

"Зерттеу қорытындысы бойынша 9 шілдеден Плоское ауылына және 10 қыркүйектен Толмачевка ауылына карантиндік шектеулер енгізілді. Былтыр барлығы 11 жағдай тіркелген еді. Былтырмен салыстырғанда биыл ауырған мал басы 90 басқа артық. Барлық жерде механикалық тазалау жүргізілді. Содан кейін толық дезинфекция жасаймыз. Артынша дезинфекцияның сапасын зертхана арқылы тексереміз", - деді Қызылжар ауданының ветеринарлық станциясының директоры Ербол Бағенов.

Мамандардың пікірінше, аурудың күрт өсуіне малдың бақылаусыз қозғалысы себеп болған. Бруцеллез Есіл ауданында да тіркелген. Ол жерде жыл басынан бері 125 ауру мал анықталды. Қазір өңірде әрбір сиыр жоспарлы түрде тексеріліп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

245
Кілт сөздер:
Солтүстік Қазақстан облысы, бруцеллез, мал
Жамбыл облысындағы апат

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза болды видео

0
Алматы – Ташкент тас жолында екі жеңіл көлік соқтығысып, алты адам көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға түсті

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысының полицейлері Алматы – Ташкент тас жолында алты адамның өмірін қиған апатқа қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Зардап шеккен тағы екі адамның өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр.

Жамбыл облысы Байзақ ауданы аумағында Алматы-Ташкент тас жолының 476 шақырымында Аudi-А4 пен Toyota Camry соқтығысты. Оқиға 23 қыркүйек таңғы алты шамасында болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Жол апаты салдарынан алты адам оқиға орнында көз жұмды. Toyota Camry автокөлігінің екі жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді", - деді өңірдің полиция департаменті.

Жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы "Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан, көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қайғылы оқиғаның себебін анықтау үшін бірқатар сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
Жамбыл облысы, жол апаты, видео