Өңірлер

Ақмола облысында карантин туралы жаңа қаулы жарияланды

© Photo : Бурабай Бурабай/facebookПляжи на курорте Боровое закрыли на карантин
Пляжи на курорте Боровое закрыли на карантин - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
Жазылу
Өңірде дүкендердің жұмыс уақыты ұзартылды, жұмыс күндері балабақшаларды толық ашуға рұқсат берілді  

КӨКШЕТАУ, 16 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусинаның жаңа қаулысы шықты.

Құжат Ақмола облысындағы балабақшаларды санитарлық нормаларды сақтай отырып ашуға рұқсат береді (бұрын кезекші топтарға ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген).  

Аттракциондардың қызметіне тыйым алынып тасталды, олар ашық аспан астында болуы керек.

Демалыс және мереке күндері мешіттер, православие шіркеулері мен басқа да діни орындардың аумағында ашық аспан астында жамағатпен құдайға құлшылық етуге, оның ішінде "жұма намазын" оқуға, күнделікті дұға жасауға рұқсат етілді. Осы уақытқа дейін оны тек жұмыс күндері жасауға болатын.  

Демалыс және мереке күндері ашық және жабық азық-түлік, азық-түлік емес базарларда, сауда үйлері мен сауда орталықтарында жұмыс істеуге рұқсат етілді.  

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды – не өзгереді 

Қоғамдық тамақтандыру мекемелерінің жұмыс режимі ұзартылды, енді олар 9.00-ден 20.00 -ге дейін жұмыс істей алады (бұрын 7.00 -ден 18.00 -ге дейін болатын).

Фитнес және йога орталықтары, тренажер залдары мен спорттық -сауықтыру орталықтары, бассейндер бұрынғыдай жұмыс күндері сағат 20.00 -ге дейін алдын ала жазылу арқылы жұмыс істейді. Сенбі және жексенбі күндері жабық болады, есесіне мереке күндері жұмыс істеуге рұқсат етіліп отыр.  

Қоғамдық көліктер де демалыс және мереке күндері  жұмыс істейді.

Жаңалықтар
0