Өңірлер

Қазақстанға қоңыр күз қашан келеді

© AFP 2024 / CHRISTOF STACHEАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2021
Жазылу
Қазан айының екінші онкүндігінде де күн жылы болады деп болжануда, алайда түнгі уақытта ауа температурасы төмендейді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет қоңыр күз қашан келетінін және қыркүйектің соңы мен қазанда ауа райы қандай болатынын болжады.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстан аумағының солтүстік жартысына Солтүстік теңіз аудандарынан суық ауа массалары ығысады. Соған байланысты түнгі уақытта ауа температурасы айтарлықтай төмендейді: 3°С дейін үсік жүріп, күндіз +8+12°С дейін жылынады.

Оңтүстік өңірлерде ағымдағы онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде +15+20°С-тан +5+15°С-қа дейін, күндіз +27+35°С-тан +22+27°С-қа дейін түседі деп болжанып отыр.

Үшінші онкүндіктің басында республика аумағына Иран аудандарынан жылы ауа массалары ауысып, соның әсерінен температуралық фон біртіндеп көтеріледі.

Алдымен елдің батысында сынап бағанасы күндіз +20+25°С дейін көтеріліп, келесі күндері Қазақстанның қалған өңірлерінде де күн жылиды. Солтүстік өңірлерде ауа температурасы +17+25°С дейін жоғарылайды, орталық және шығыста +20+28°C дейін, оңтүстік өңірлерде +28+33°С дейін ыстық болады.

Қазан айында ауа райы қандай болады

Алдын ала болжамға сәйкес, қазан айының екінші онкүндігінде де күн жылы болады, алайда түнгі уақытта температура түседі: батыста түнде +5+13°С, күндіз +23+28°С дейін, солтүстік өңірлерде түнде +2+9°С, күндіз +15+23°С, оңтүстік өңірлерде түнде +8+15°С, күндіз +22+30°С жылы.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0