Өңірлер

Алматыда жоғалған қыз басқа қаладан табылды

CC0 / / жасөспірім
жасөспірім - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2021
Жазылу
Қызды Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының тәртіп сақшылары тапты

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Алматыда жоғалған 14 жастағы Зоя Юркова Есік қаласынан табылды. Бұл туралы өздерінің Instagram парақшасында LIDER.KZ еріктілері хабарлады.

"18.09.2021 жыл. Сағат түнгі 02.23. Еріктілер іздеуді тоқтатып Алматыға қайтып барады. Қызды Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының полициясы тапты. Ол дін аман. Ата-анасына табысталды",  - деп жазды олар.

Сондай-ақ еріктілер тобы іздеуге қатысқан, хабарламаны таратуға үлес қосқан барша қазақстандыққа алғыс білдірді. 

Бұған дейін Зоя Юркова 16 қыркүйек күні жоғалғаны туралы жазғанбыз. Ол Докучаев көшесіндегі №91 мектептен шығып, үйіне оралмаған. 

Оқи отырыңыз.

 

Жаңалықтар
0