Өңірлер

Ақтауда аппақ киіммен жол үстінде отырған қыз жұрттың үрейін ұшырды - видео

© REUTERS / SOE ZEYA TUNқыздың сұлабасы
қыздың сұлабасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2021
Жазылу
Желі қолданушылары "видеоға түсіргенше, тоқтап жағдайын сұрау керек еді", "шашынан сүйрейтін қыз екен" деген сынды пікір жазып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Ақтау қаласында көлік жүріп жатқан жолдың ортасында отырған қыз видоға түсіп қалды. Кадр podslushano_aktau паблигінде жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Подслушано Актау (@podslushano_aktau)

Видео 28 шағын ауданның қиылысында 26 қыркүйекте түсірілген. Ол жерден қыздың көлік жүріп жатқан жолдың қақ ортасында отырғанын көруге болады. Желі қолданушылары "видеоға түсіргенше, тоқтап жағдайын сұрау керек еді", "шашынан сүйрейтін қыз екен" деген сынды пікір қалдырды.

inAktau сайтының хабарлауынша Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған оқиғаның мән-жайын анықтаған.

Депарамент мәліметіне сүйенсек, патрульдік экипаж мүшелеріне қыз кенеттен жағдайы нашарлап кеткенін айтты. Полиция қызметкерлері жедел жәрдем шақырды. Қыз облыстық ауруханаға жеткізілді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0