Өңірлер

Шығыс Қазақстанда 10 жыл бойы іздеуде жүрген ер адам ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинКісен, архивтегі сурет
Кісен, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2021
Жазылу
Қашқын есірткі сатқаны үшін 2013 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде болған

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында есірткі саудасы үшін он жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, 25 қыркүйек пен 1 қазан аралығында ШҚО аумағында "Іздестіру" республикалық жедел-алдын алу шарасы өткен.

48 жастағы Ресей азаматы Үржар ауданында ұсталды. Ол 10 жыл бойы ресейлік құқыққорғау органдарынан жасырынып жүрген. Қашқын есірткі сатқаны үшін 2013 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде болыпты.

Анықталғандай, ер адам Үржар ауданында тұратын туысының үйін паналаған, жұмыссыз.

"Ер адамға қатысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес бұлтартпау шарасы таңдалғандықтан, одан жауап алынып, полицияға келуге міндеттелді", - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Республикалық операция барысында криминалдық полиция іздеуде жүрген 29 қылмыскерді ұстады. Сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен 16 адамның, соның ішінде кәмелетке толмаған 5 баланың тұрғылықты жерін анықтады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0