Өңірлер

Алматының кей пунктінде "Спутник V" вакцинасы таусылды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтумедицина қызметкері вакцинаны ашуға дайындалып жатыр
медицина қызметкері вакцинаны ашуға дайындалып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2021
Жазылу
Басқарма "Спутник V" вакцинасы қай пунктте жоқ екенін қосымша хабарлайтынын айтты

АЛМАТЫ, 4 қазан – Sputnik. Алматыда кейбір вакциналау пунктінде "Спутник V" препараты таусылды. Қоғамдық денсаулық басқармасы бұл мәселе қалай шешілетінін айтты.

"Көптеген пунктте вакцина жеткілікті мөлшерде бар. Ол жерде "Спутник V" вакцинасы қалыпты режимде салынып жатыр", - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Олар вакцина басқа пункттерден жеткізілетінін айтты. Бұл жағдайда вакцинаны тасымалдау ережелері сақталады.

Басқарма "Спутник V" вакцинасы қай пунктте жоқ екенін қосымша хабарлайтынын жеткізді.

Бұған дейін ведомствоаралық комиссия 4 қазандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың 77,4%-і немесе 7 716 723 адам вакцинаның бірінші компонентін салдырғанын айтты. Оның ішінде 965 779 адам Алматыда салдырған.

Вакцинаның екінші компонентін 66,9% немесе 6 671 959 адам салдырды. Алматыда 877 749 адам вакцинаны толық салдырды.

Қалада медициналық ұйым, мектеп, мәдениет, спорт объектілерінде, базар және қаланың сауда ойын-сауық орталықтарында 160 вакциналау пункті жұмыс істейді. Оған 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы жұмылдырылған.

Өткен тәулікте вакцинаның бірінші компонентін 678 адам, екінші бөлігін 1 290 адам салдырды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0