Өңірлер

Түркістан облысының тұрғындары жолды не үшін жапты – видео

CC0 / pixabay.com / Дорога, скорость, обгон, иллюстративное фото
Дорога, скорость, обгон, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2021
Жазылу
Шенеуніктер бұл мәселені бір ай ішінде шешеміз деп уәде еткен. Алайда жарты жылдан астам уақыт өткен

АЛМАТЫ, 7 қазан — Sputnik. Түркістан облысы Ақжар елді мекенінің тұрғындары жолды жауып, көлік қозғалысын тоқтатуға мәжбүр болды.

Олар жарты жыл бойы сусыз отыр. Ауылдағы су айдайтын мұнара жөнделмей тұр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Тұрғындардың айтуынша, жарты жыл бойы судың орнына арықтан иісі жағымсыз лай келіп жатыр. Басқа амал болмағандықтан сол сұйықтықты ішуге тура келіп отыр. 

"Бұл мұнара істелген жағдайда біз суды 1-2 теңгеден сатып аламыз. Көлігі бар адам барып сатып алады. Жоқ адамға ауылда су сататын жігіттер бар. Қазір біз ағын суды ішіп жатырмыз. Ағын су болсын, егін су болсын, басында өліктері жатыр. Кейбір кезде адамның мәйіті болады, ел сол суды ішіп жатыр", - деді ауыл тұрғыны Әбдіуәлі Сұлтанов.

Ағын су дегені ауылдан үш шақырым жерде жатқан Өзбекстаннан келетін арық суы. Былтыр мамандар "бұл су – зиян" деген қорытынды берген. Көктем мен күз аралығында келетін мұның өзін Өзбекстан тарапы тыйып  тастайды. Ал жұрт таза суға зәру екенін ауыл әкімінен бастап аудандық шенеуніктерге дейін сан рет ескерттік дейді.

"6 миллион 758 мың ақша түсті деді. Соған ары кетсе бір айдың ішінде сүзгі қоямыз деген. Сонымен қазір алты ай болды. Қазір 7-ші айға кетіп бара жатыр", - деді Сарыағаш ауданының тұрғыны Ілгербай Төребеков.

Мұнара сүзгісі әр үш жылда ауысып тұруға тиіс екен. Құрылғы сегіз жылдан бері жаңартылмаған. Мамандар қайта-қайта тазалап амалдағанымен, биыл істен шығыпты. Ал сүзгісіз жер астынан шығып жатқан суды ішу мүлдем мүмкін емес.

Таза тіршілік нәріне зар болған жұрт жарты сағаттан астам жолды жауып, аудан әкімін талап еткен. Жедел жәрдемнен өзгесін жібермей, өзге шенеуніктерге көнбей қойған соң, ақыры Сарыағаш ауданының басшысы келді. Айтуынша, компаниялардың барлығы арзан сүзгі ұсынған соң тәуір мердігер іздеп жүріп қалыпты. Сүзгінің бағасы бар-жоғы 4 жарым миллионға да жетпейді.

"Мердігер мекеме бүгінгі таңда келісімшартқа қол қойып отыр. Келесі аптаның жұма күніне дейін деп отыр. Соған дейін біз барынша тырысамыз", - деді Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев.

Ал тұрғындар шенеуніктер айтқан мерзімде таза су берілмесе, ауданаралық емес, халықаралық тасжолды жауып тастаймыз деп тарқасты.

Жаңалықтар
0