су

Алматы іргесіндегі тұрғындар ауыз суға неге жарымай отыр - видео

46
Сырттан жеткізілетін суды қалтасы көтермеген жұрт денсаулығын қатерге тігіп, арықтан ішуге мәжбүр

НҰР-СҰЛТАН, 13 окт — Sputnik. Алматыдағы Тастыбұлақ ауданының тұрғындары суаруға арналған лас суды тұтынуға мәжбүр.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Тастыбұлақ шағын ауданы мегаполиске жеті жыл бұрын қосылған. Оған дейін жергілікті үйлер саяжай болып саналатын. Қалаға қосылғанымен тұрғындардың тұрмыстық жағдайды оңалмады. Ең керегі - таза ауыз суға жарымай отыр.

"Көп адам су таситын көлікпен жеткізілетін ауыз суға қаражат үнемдеп, суаруға арналған суды ішіп отыр. Суару суы деген міне, өзеннен алынатын су. Онда жануарлардың өлексесі де, басқа зат та болуы мүмкін", - дейді жергілікті тұрғын Эльвира Әбілева.

Сырттан жеткізілетін алты текше метр су бағасы 20 мың теңге тұрады. Сондықтан көп адам денсаулығын қатерге тігіп, арықтағы суды тұтынуға мәжбүр.

"Қыста арықтағы суды тұндырып, сосын сүзіп ішеміз. Менің балам инфекция жұқтырып, екі ай ауруханада жаттық. Уланғаннан кейін баламның аяғы жүрмей қалды", - дейді тағы бір тұрғын Елена Иванченкова.

Төрт бала тәрбиелеп отырған Әсемгүл Қаймалованың бұл шағын ауданда тұрып жатқанынан бір жыл болған. Көпбалалы отбасының суды сатып ішуге мүмкіндігі болмағандықтан, ауыз суды туыстарынан алып келеді. Бұл отбасы да қымбатқа айналып отырған тіршілік нәрін үнемдеп отыр - арықтағы суды киім-кешек жууға жұмсаса, ауыз суды тағам әзірлеу үшін қолданады.

"Біз күн сайын балаларды шомылдырамыз. Баланы жуындыру үшін 20-30 литр су жұмсалады. Жолдасым жуыну, тағам әзірлеу үшін күнара туыстарымыздан 100 литрлеп су тасып жүр", - дейді Әсемгүл Қаймалова.

Біраз уақыт бұрын мердігерлер су құбырын жүргізу үшін шағын ауданда көшеде қазу жұмыстарын жүргізгенімен, бұл шағын ауданда су әлі тартылмады. Қопарылған көшені қалпына келтіруге де ешкім асығар емес. Жаңбыр жауғанда бұл ауданның тұрғындары батпақты кешіп күнелтуде.

"Жолды да қазып тастады. Су құбыры жартылай жүргізілді. Жедел жәрдем шақырсақ, ол жол жаман деп мұнда келуден бас тартады. Наурызбай ауданының әкімдігі, кабинетте отырған барлығыңызды осында бір күн түнеп, жағдайда өз көздеріңізбен көруге шақырамын", - деп шағымданды Тастыбұлақ тұрғыны Ольга Драгунова.

Аудандық әкімдікте Алматыға қосылған сегіз шағын ауданның тек бесеуіне су құбыры жүргізілгенін айтты.

"Үш шағын аудандағы жұмыс келесі жылға қалды. Алдағы жылы барлық жұмыс аяқталады. Бірақ одан кейін бұл жұмыстар "Алматы Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына беріледі. Қазір магистральді кәріз-су құбыры желілері салынып жатыр", - деді  Наурызбай ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Өркен Қодаров.

Оқи отырыңыз: 

46
Кілт сөздер:
ауыз су, Алматы, денсаулық
Тақырып бойынша
Қазақстанда 60 млрд теңгеге тоғыз жаңа су қоймасы салынады
Су саласын цифрландыру қажет – Тоқаев
Қырғызстанда нөсер жауыннан ауылдарды су басты - видео
40 жыл бұрын су астында қалған ауыл қайтадан "қалқып бетке шықты" – видео   
Неке жүзігі

Алматы облысында үйлену тойында түсірілген видеодан кейін тергеу басталды

12297
(Жаңартылды 16:41 24.10.2021)
Полицейлер оқиғаға қатысты қылмыстық тергеу басталғанын хабарлады. Видео Whatsapp арқылы тарап кетті

ТАЛДЫҚОРҒАН, 24 қазан – Sputnik. Алматы маңында той кортежі салюттің орнына оқ атты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @sergek.kaz

Видео Whatsapp мессенджерінде тарап жатыр. Мемлекеттік нөмірі жоқ көліктер қала көшелерінің бірінде келе жатты.

Mercedes көлігінде отырған ер адам терезеден шығып, аспанға оқ атады.

Бұл видео 23 қазанда Қарасай ауданы Қасекелең қаласында түсірілгені белгілі болды. Полиция той ұйымдастырушылары мен оқ атқан адамды анықтады. Оған қатысты қылмыстық өндіріс қозғалды.

"Тексеру шаралары кезінде үйлену кортежі Қаскелең қаласында Абылай хан көшесімен өткені анықталды. Оқты 25 жастағы жергілікті тұрғын атқан. Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігіне сәйкес ("Бұзақылық") қылмыстық тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Mercedes айыппұл тұрағына жіберіліп, жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство кортеждің қалған қатысушыларын анықтап жатыр. Олар қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

12297
Кілт сөздер:
Алматы облысы, той, видео, тергеу
Тақырып бойынша
Үйлену тойында түсініксіз әрекет жасаған күйеужігіт ұятқа қалды - видео
Әкімнің тойдағы даулы мәлімдемесі желіде қызу талқылануда – видео   
Үйлену тойында қайғылы оқиға болды: аспаз қайнап тұрған сорпаға құлап кетті
Қалыңдық тойда 60 килограмм алтын әшекей тағып, жүре алмай қалды
Шымкентте үйлену тойында түсірілген видео жарияланды
Архивтегі сурет

"Қарағанды аруы" байқауының жеңімпазы анықталды фото

934
Кеншілер қаласының аруы атанған жиырма жастағы бойжеткен дыбыс жабдығы компаниясында жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. "Қарағанды аруы – 2021" номинациясының жеңімпазы анықталды. Сұлулық тәжі 20 жастағы Анна Глубоковскаяға бұйырды. Бұл туралы "Қазақстан аруы" байқауының instagram аккаунтында хабарланды.

Бойжеткен шетел әдебиетімен, музыкамен әуестенеді. Ал мектеп кезінде орыс тілінен олимпиадаларда жүлделі орындар алған.

Қазір Анна Алматыда дыбыс жабдығы компаниясында істейді. Болашақта визажист кәсібін меңгеруді жоспарлап отыр, деп жазады сән агенттігінің аккаунты.

"Менің өмірдегі басты мақсатым сұлулық болатын. Өйткені әдемілікті бәрі сүйеді, ал визаж әдемі болуға көмектеседі. Қыздарға күлкі сыйлап, олардың кейпін өзгерту маған ұнайды. Қазіргі таңда мен өз-өзімді дамытып, жаңа хобби іздеуді жоспарлап отырмын", - деп келтіреді агенттік Аннаның сөзін.

Биыл өңірлік байқаулар алғаш рет онлайн форматта өтіп жатыр.

Әділ қазылар алқасы әр қаладан он финалистің анкетасын, суреттері мен бейневизиткаларын қарап, қыздармен Zoom-да сөйлеседі.

Оқи отырыңыз: 

"Әлем аруына" қатысқан қазақ қызы өзін экс-әкімнің немересі дегендерге жауап берді

Ғалам аруы-2021: көркіне көз тоймайтын сұлулардың суреті

934
Кілт сөздер:
Қарағанды, ару, сұлулық байқауы, жеңімпаздар, фото
Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті

Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті

151
(Жаңартылды 21:03 24.10.2021)
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Түрікменстанға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге Ахалтеке жылқысына арналған кешеннің ипподромын аралап көрді, деп хабарлайды Ақорда.

Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті
Іс-шара барысында президенттер шабандоздардың өнерін тамашалады

Мемлекет басшысына Түрікменстан президенті арғымақ аттарын көрсетті. 

Іс-шара барысында олар шабандоздардың өнерін тамашалады.

Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті
Мемлекет басшысына Түрікменстан президенті арғымақ аттарын көрсетті

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды.

Сапар барысында екі ел делегациясының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді, деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.

Токаев прибыл в Ашхабад с государственным визитом
Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды

Тараптар қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді қарастырады.

151