Алматы күзі

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады синоптиктер болжамы

2466
(Жаңартылды 12:50 13.10.2021)
14 - 16 қазанда елде ауа температурасы жылынады, күн ашық, жауын-шашын жаумайды. Батыс пен оңтүстікте жел күшейіп, шаңды дауыл болуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан — Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 14-16 қазан аралығында ауа райы қандай болатынын хабарлады. 

"Антициклон әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. 16 қазанда ғана Солтүстік-батыс циклон Батыс Қазақстан облысындағы ауа райына әсер етіп, күндіз жауын жауады", - деді синоптиктер.

Батыс пен оңтүстікте жел күшейіп, шаңды дауыл болады.

Ауа температурасы батыс, солтүстік-батыста 15-23 градус жылы. Солтүстік, шығыс пен орталықта плюс 7-15 градус шамасында, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 12-21 градус жылы.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада 14 қазанда түнде +3, күндіз +12 градус болады. Күн ашық. Жұмада да дәл осындай ауа райы сақталады. 16 қазанда күн алабұлтты, түнде 0, күндіз +8 градус.

Алматы қаласында бейсенбіде түнде +4, күндіз +13 градус жылы. Жұма мен сенбіде де +15 градус шамасында, күн ашық.

Шымкентте 14, 15, 16 қазанда күн ашық, сынап бағанасы +21 градусқа дейін көтеріледі.

Оқи отырыңыз: 

2466
Кілт сөздер:
синоптиктер, ауа райы болжамы
Аэропорт

Орал әуежайының атауын өзгерту туралы ұсыныс түсті

41
(Жаңартылды 16:57 20.10.2021)
Әуежай атауын өзгерту туралы ұсыныс Nur Otan партиясы жанындағы "Мирас" қоғамдық кеңесі және облыстық мәслихат депутаттарынан келіп түскен

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан — Sputnik. "Орал" Халықаралық әуежайы" ЖШС атауын  Мәншүк Мәметова атындағы әуежай деп өзгерту жоспарланып отыр. Бұл туралы шешім облыстық мәслихат сессиясында қабылданды.

20 қазанда өткен сессияда тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Ғаниева әуежай атауын өзгерту туралы ұсыныс Nur Otan партиясы жанындағы "Мирас" қоғамдық кеңесі және облыстық мәслихат депутаттарынан келіп түскенін хабарлады.

"Олар әуежай атауын өзгерту туралы ұсыныс жолдады. Әуежайға кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметова есімін беру туралы ұсынысты қолдауды сұраймын", - деп Ғаниеваның сөзін келтірді "Мой город" порталы.

Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

Мәншүк Мәметова туралы

Мәншүк Мәметова - Орал облысының (қазіргі Батыс Қазақстан) тумасы, Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ қызы.

Ол Қызыл Армияда пулеметші болды. Мәншүк Мәметова соңғы шайқаста 70-тен астам қарсыластың көзін жойып, 1943 жылдың күзінде қаза тапты. Оған қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Оқи отырыңыз: 

41
Кілт сөздер:
әуежай, Орал
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда әуежай мен вокзалда вакциналау пункті ашылды
Қызылордада жаңа әуежай салынбайтын болды
Шымкентте жаңа жыл қарсаңында жоғалған әуежай қызметкері табылды
Қостанай облысында әуежай пәтер бағасымен сатылғалы жатыр
кісен

Белбеумен буындырған: Шығыс Қазақстанда 13 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды

221
(Жаңартылды 16:38 20.10.2021)
Күдікті сот санкциясы негізінде қамауға алынды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында 13 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды.

2008 жылдың сәуірінде Аягөз – Қарағанды тасжолының маңынан 35 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Ол буындырылып өлтірілген.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аса ауыр қылмысты ашу бойынша бастапқы тергеу әрекеттері нәтиже бермеді, қылмыскер анықталмады.

"Соған қарамастан қылмыстық іс бойынша жұмыс тоқтамады. Биыл қазанда департамент қызметкерлері күдіктінің ізіне түсті. Риддердің 51 жастағы тұрғыны ұсталды. Әйел жиналған дәлел мен айғақтарды көрсеткен кезде қылмыс жасағанын мойындады", - деді полицияның баспасөз қызметі.

Қылмысқа сүйіктісін қызғану себеп болған. Бір отырыста күдікті жігітін сол әйелден қызғанған. Ол жәбірленушіні пальто белбеуімен буындырып өлтірді.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметовтың айтуынша, күдікті сот санкциясы негізінде қамауға алынды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Кінәсін мойындаған жағдайда оған 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Оқи отырыңыз: 

221
Кілт сөздер:
Шығыс Қазақстан, қылмыс, полиция
Тақырып бойынша
Қазақстан өлім жазасын алып тастайды: елде қылмыс көбейіп кетпей ме
Талғарда ауыр қылмыс жасалды: полиция екі қызды ұстады
Атырауда баласының күйеуінен екеніне күмәнданған мұғалім жантүршігерлік қылмыс жасады
"Не деген қатыгездік": Алмалы тұрғыны бүкіл ауылды дүр сілкіндірген қылмыс жасады
Аяжан Еділова

Аяжан Еділованың өлімі: іс сотқа өтті

0
Іс жыныстық қол сұғушылыққа қатысты болғандықтан жабық режимде өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан — Sputnik. Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Аяжан Еділованың өлімі туралы қылмыстық іс келіп түсті. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Алматы қалалық соты хабарлады.

"Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына зорлау, сондай-ақ аса қатыгездікпен адам өлтіру бойынша қылмыстық іс келіп түсті. Іс жыныстық қол сұғушылыққа қатысты болғандықтан жабық режимде өтеді", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Алдын ала сот тыңдалымында істің алқабилермен немесе соттың жеке төрелігімен қаралуы туралы мәселе шешіледі.

Процестік шешім қабылданғаннан кейін іс қаралатын күн туралы қосымша хабарланады. 

Күдіктіге Қылмыстық кодекстің "Зорлау" туралы 120 бабы және "Өзге қылмысты жасыру мақсатында адам өлтіру" туралы 99 бабы бойынша айып тағылып отыр. Істі Алматы қаласының мамандандырылған соты тергеді. 

Естеріңізге сала кетейік, 2001 жылы туған Аяжан Еділова 19 наурызда сағат 20:43-те жұмыстан шығып, сол күйі оралмаған. Оның жоғалғаны туралы хабар 20 наурызда тарады.

Қыздың денесі бөлшектеліп, қоқысқа лақтырылғаны белгілі болды. 

Аяжан Еділова қандай еді

Әпкесінің сөзінше, Аяжан бір көрген адаммен тез араласып, бір сағатта туысқан секілді сөйлесіп кететін болған. Сондай-ақ оның өте сенгіш және адам жатырқамайтын мінезі болғанын айтты.

Туыстарының сөзінше, Аяжан Еділова Алматыға қайтыс боларынан екі ай бұрын келген. Оған дейін карантин кезінде Талдықорған қаласында туыстарының жанында болған. Алматыдағы сән салоны мен тігін цехына жұмысқа орналасқанына да бір айдай болған.

"Осы жолы Алматыға жібермей қойдым. Коронавирустың күйіп тұрған кезі еді. Біреуге жақын отырып тырнақ жасайсың, "сен маған аман-есен керексің" деп айттым. Ортаға апасын салып, әкесін салып жүріп, бой бермей, кетті. Әйтпесе үйде байлап ұстап отырғанмын. Үйде отырып күйзеліске түсті. Жұмыс істеп, жүріп үйреніп қалған қыз ғой. Бір күні жұмыстан келсем, жылап-жылап көзі ісіп кетіпті. "Менің өлгім келмейді, өмір сүргім келеді" деп айтты", - дейді әпкесі Аяжанның коронавирус жұқтырып алудан қорыққанын айтып.

Содан қалада жұмыс істеп жүрген Аяжан ең соңғы рет жақындарымен телефон арқылы сөйлескен кезде наурыз мерекесіне үйіне баратынын айтқан.

"Ең соңғы рет анасына видео арқылы хабарласып, наурыз мерекесіне келетінін айтты. Жұмыстарын айтып, соларды бітірген соң 4 күн демалысқа келемін деді. "Сағынып кеттім" деп қоштасқандай еркелегені есімде. Анасы жолға қарап, әлі күтетін сияқты. "Келемін" деп айтқаннан кейін олар күтіп жүрді. Мұндай хабар келеді деп күткен жоқ. Шешесі әлі күтіп жүр. Аяжан оқуда жүрген сияқты сезімдеміз", - дейді Нұргүл Әбеутәліпова.

Айтуынша, Аяжанның анасы біраз уақытқа дейін істің мән-жайын білмеген. Тек қайтыс болғанын естіген.

"Ата-анасының жағдайы өте ауыр, олар күйзелістен әлі шыға алған жоқ. Стрессте жүр. Күліп отырып жылай салуы мүмкін, жылап отырып күле салуы мүмкін", - дейді әпкесі.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
қылмыс, сот, Алматы