Өңірлер

Түркістан облысында балабақша қызметкерлері наразылық акциясына шықты

© Photo : пресс-служба акимата Туркестанской областиТүркістан облысында балабақша қызметкерлері наразылық акциясына шықты
Түркістан облысында балабақша қызметкерлері наразылық акциясына шықты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Жазылу
Оңтүстікте бала санының артуына байланысты балабақша шығындарын өтеуге бюджет қаражаты жетпей жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан — Sputnik. Түркістан облысында мектепке дейінгі білім беру мекемесінің қызметкерлері облыстық әкімдік жанында наразылық акциясына жиналды. Олар жалақаны білім және ғылым министрлігінің жан басына шаққандағы қаржыландыру туралы бұйрығына сәйкес төлеуді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Наразылыққа шыққандар арасында "Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығы" дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігінің Түркістан облысы бойынша филиалы басшысы да болды.

Әкімдік баспасөз қызметінде түсіндіргендей, педагогтар бұл өңірде тәрбиеленіп жатқан бала саны көп екенін айтқан. Ал бұл оларды күтіп-баптауға кететін шығынның ұлғайып, соның салдарынан 60 мың теңге шамасында жалақы алатын тәрбиешілердің еңбекақысының төленбеуіне алып келді. Мұндай жағдай әсіресе жыл соңында жиі орын алады.

Балабақшадағы дағдарыс

Өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі жалпы сипаттағы трансферт есебінен мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етуге қаражат бөлу мәселесінде төрт жылдан бері проблема туындап отырғанын айтты. 2017 жылы білім және ғылым министрінің жан басына шаққанда қаржыландыру туралы бұйрығы шықты. Осыған байланысты мемлекеттік бюджеттен мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етуге трансферт бөлінуге тиісті. Біраз уақыт бұрын бір орын үшін 19 354 теңге (45 доллар) бөлініп келсе, 2017 жылдан бері бұл сома 30 150 теңгеге (70 доллар) ұлғайды.

Облыстық әкімдікте түсіндіргендей, 2017-2019 жылдарға арналған жалпы трансферттердің көлемін анықтау кезінде Түркістан облысы бойынша мектепке дейінгі мекемелердегі мемлекеттік білім беру тапсырысын жүзеге асыру үшін жергілікті бюджет шығындары базасында 79,3 миллиард теңге (186 миллион доллар) бөлу көзделген. Оның ішінде 2017 жылы 24,1 миллиард теңге - 105 902 балаға; 2018 жылы - 113 402 балаға 26,2 миллиард теңге, 2019 жылы - 129 987 балаға 29 миллиард теңге.

Әр балаға 19 354 теңге бөлінді. Алайда білім және ғылым министрінің 2017 жылдың 27 қарашасындағы №597 бұйрығына сәйкес, тұрғылықты мекенжайына сәйкес жан басына шаққандағы әдіс бойынша бір балаға:

  • қалаларда - 37 527 теңге;
  • экологиялық аймаққа теңестірілген қалаларда - 45 449 теңге;
  • елді мекендерде - 41 053 теңге;
  • экологиялық аймаққа теңестірілген елді мекендерде - 48 975 теңге қарастырылған.

26,5 миллиард теңге жетіспейді

2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерінің көлемі жаңа әдістеме бойынша есептеу кезінде ескерілмеген. Әкімдік қосымша 26,5 миллиард теңге жетіспей тұрғанын, соның ішінде жаңа әдістеме бойынша 23,5 миллиард теңге немесе кезекте тұрғандарды жаңа орындармен қамтамасыз ету үшін 3 миллиард теңге тапшы болып отырғанын айтты.

"Қазіргі уақытта Түркістан облысы әкімдігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жан басына шаққандағы нормтивті қаржыландыру әдістемесіне сәйкестендіру үшін 2021 жылға 26,5 миллиард теңге қажеттілігінің есебі ұсынылды", - деді облыстық әкімдікте.

Бұл проблеманы шешу үшін облыс әкімдігі, сенат пен мәжіліс депутаттары 2017 және 2019 жылдары үкімет пен салалық министрлікке хат пен сәйкес есептер жолдаған.

Сондай-ақ Қазақстан премьер-министрінің осы жылдың қаңтарындағы жұмыс сапары қорытындысы бойынша мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамтамасыз етуге қажетті қаражат бөлуді заң аясында қарастырып, шешімін табу бойынша тапсырма берілген болатын. Бірақ бұл мәселе әлі күнге дейін шешімін таппай отыр.

Жиналған жұртқа мұның барлығын Түркістан облысы әкімінің орынбасарлары Сәкен Қалқаманов пен Арман Сәбитов түсіндірді.

© Photo : пресс-служба акимата Туркестанской областиТүркістан облысында балабақша қызметкерлері наразылық акциясына шықты
Түркістан облысында балабақша қызметкерлері наразылық акциясына шықты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Түркістан облысында балабақша қызметкерлері наразылық акциясына шықты

Сонымен қатар құқық қорғау органдарының өкілдері "Қазақстан Республикасында бейбіт жиындар ұйымдастыру және өткізу туралы" ҚР заңы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесі бойынша Түркістан облысы мектепке дейінгі білім беру мекемелері жұмысшыларының алдындағы берешекті өтеу туралы Қазақстан премьер-министрінің атына ұжымдық хат жолданды.

Айта кетері, Түркістан облысында 1 424 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді (оның ішінде: 269 – мемлекеттік балабақша, 131 – мектеп жанындағы шағын орталықтар, 1 024 – жекеменшік балабақша). Мектепке дейінгі мекемелерде 1-6 жас аралығындағы 155 3448 бала тәрбиеленіп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0