Өңірлер

WhatsApp-тан жазған: түркістандық қыз 20 адамды алдап кетті

© Photo : Dean MoriartyАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2021
Жазылу
Тергеу барысында қыздың тағы 19 адамды алдағаны анықталды. Олардың әрбірінен 50 мыңнан 800 мың теңгеге дейін ақша алған

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Түркістан облысында тұрғындарды алдап, сегіз миллион теңгені заңсыз иемденген алаяқ қыз ұсталды.

Шардара ауданының тұрғыны Мақтаарал аудандық полиция бөлімшесіне арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оған WhatsApp-тан жазып, құмар ойынынан көп ақша уәде еткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйел алаяқтың сөзіне сеніп, оған бір миллион теңге аударған. Бұл ақша бірнеше есеге көбейіп, өзіме қайтады деп ойлаған. Бірақ кейін жәбірленуші алданып қалғанын түсінген.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркелді. Тәртіп сақшылары бірден жедел іздеу шараларына кірісті.

Банктің мобильді қосымшасы арқылы күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Алаяқ полиция бөліміне жеткізілді.

Тергеу барысында қыздың тағы 19 адамды алдағаны анықталды. Олардың әрбірінен 50 мыңнан 800 мың теңгеге дейін ақша алған. Осылайша жәбірленушілерге сегіз миллион теңгеге жуық шығын келтірген.

Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0