Архивтегі фото

"Ұрып жатыр": Алматыда мәйіті табылған қыз жақындарына SMS жазып үлгерген

17942
(Жаңартылды 10:45 09.11.2021)
Жігітімен пәтерге барған бойжеткен туған әпкесіне құрбысының үйінде түнейтінін айтқан. Алайда біршама уақыт өткеннен кейін "ұрып жатыр" деп көмек сұраған

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша — Sputnik. Алматыда элиталы тұрғын үй кешенінде 18 жасар қызды өлтірген қылмыскерді полицейлер әлі іздеп жатыр, деп хабарлады КТК.

Жан түршігерлік жағдай Latifa тұрғын кешенінің 13-қабатындағы пәтерде болған. Тұрғындардың сөздерінше, марқұмның жігіті 18 жасар қызды өлтіріп, осы жерде өртеп жіберген.

Түнгі сағат 1 шамасында айқай-шу шыққан бұл пәтердің есігі мөрленген. Осы пәтерге жігітімен келген бойжеткен туған әпкесіне кешкі жеті шамасында "құрбымның үйінде түнеймін" деп жазып жіберген. Алайда біршама уақыт өткеннен кейін "ұрып жатыр" деп бір ауыз сөз жазып үлгеріп көмек сұраған. Дереу жетіп келген жақындары полиция шақыртыпты.

"Таңертең шықсам, бір жігіт келді. "Бірдеңе көрдіңіз бе?" деді. "Жоқ, ештеңе көрмедім" дедім. Кейін олар полицияға хабарлады. Келді. Тексеру басталды. Үй иесі келіп есікті ашты. Көрді. Қызды қылқындырған, сосын өртеп жіберген", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Данияр Оразов.

13 қабатты бұл үйдегі пәтерлер түгел дерлік тәулікке жалға беріледі. Солай бола тұра, ылғи да тыныш болатын дейді көршілері. Алайда осы жолы түн ортасында шыңғырған дауыс естіп күйіктің иісі сезілген.

"Пәтерді ашқан кезде жануарды өртегенде шығатын жиіркенішті иіс шықты. Сонымен қатар алкогольдің иісі де мүңкіп тұрды. 12 жарымда қатты соққыдан кейін шыңғырған дауыс естідім. Бірақ мен нәресте құлап жылаған шығар деп ойладым. Өлтірген жігіт түнгі сағат бірлерде қашып кеткен сияқты", - дейді көрші тұратын Екатерина.

Оқи отырыңыз: Жалдамалы пәтерге шақырған: Алматы тұрғыны бұрынғы әріптесін зорлады 

Күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Күдіктінің кім екені анықталды. Ал тұрғын үй кешенінде жезөкшелер мекендейді деп мазасы қашқан тұрғындар марқұм қызды да жеңіл жүрісті деп, әлеуметтік желіде жария қылған. Мұны департаменттегілер жоққа шығарды.

"Аталған дерек Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99- бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіміне тіркеліп, Медеу аудандық полиция басқармасының мамандарынан арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Жеке басы анықталған күдіктіні ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Осы ретте жәбірленушінің жеңіл жүрісті әйел болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз", - деп атап өтті Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

18 жасар бойжеткенді тұншықтырып өлтіріп, артынша өртеп жіберген қылмыскерді полицейлер іздеп жатыр. Қылмыстың мән-жайы мен себеп-салдары алдағы уақытта анықталады.

17942
Кілт сөздер:
Алматы, студент қыз
ақша

Түркістан облысының екі тұрғыны жәрдемақы алу үшін 1 миллион теңге берген

307
(Жаңартылды 16:46 27.11.2021)
Полиция қызметкерлері аталған жайтты Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша тіркеді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Түркістан облысы Қазығұрт ауданының полиция басқармасына алаяқтың арбауына түскен екі бірдей тұрғын арызданды.

Олардың айтуынша, сырттай танысы мүгедектік бойынша жәрдемақы алуға көмектесемін деп ақша алып, 1 жылдан астам уақыт алдап жүр.

Жәбірленуші әйелдерге келтірілген жалпы шығын көлемі 1 миллион теңгеден астам. Полиция қызметкерлері аталған жайтты Қылмыстық кодекстің 190-бабы, яғни "Алаяқтық" бойынша тіркеді. 

Аудандық сақшылар хабар алысымен күдіктіні анықтауға бірден кірісті. Ауыл тұрғындарынан жауап алып, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді.

Күдікті ретінде жұмыссыз, жергілікті әйел тұрғын ұсталды. Оның бұған дейін сотталғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті әйел алаяқтық жолмен алған ақшасын өз қажеттілігіне жұмсап жіберген.

Оқи отырыңыз: 

Қазақстанда жаңа жәрдемақы енгізілді – ол кімге төленеді

2022 жылдан бастап 2,3 миллион қазақстандықтың зейнетақысы өседі

 

307
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, мүгедек, ақша
көктайғақ

"Үйден шықпаған абзал": төтенше жағдайлар қызметі алматылықтарды сақ болуға шақырды

2495
(Жаңартылды 14:47 27.11.2021)
Алматыда қар аралас жауын жауады. Ауа температурасы төмендейді. Тұман түсіп көктайғақ болуы ықтимал

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Алматы қаласының төтенше жағдайлар басқармасы ауа райының бұзылуына байланысты тұрғындарды сақ болуға шақырды.

"Алматыда қар аралас жауын жауып, кешкі және түнгі уақытта ауа температурасы 8-10 градусқа дейін төмендейді. Тұман түсіп, ауаның жоғары ылғалдылығына байланысты көктайғақ болуы ықтимал", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Алматы қалалық ТЖД көлік жүргізушілерін жылдамдықты төмендетіп, автомобиль арасындағы қашықтықты ұлғайтуға және жылдам маневр жасамауға шақырады.

Жаяу жүргіншілерге тротуарда сақ болып, аса қажеттілік болмаған жағдайда үйден шықпағаны абзал.

Алматы қаласының ТЖД жаяу жүргіншілерге бірқатар ұсыныс берді: 

  • есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізуі күрт нашарлайды және жүргізушінің көлікті бақылауды жоғалтуы мүмкін, нәтижесінде жаяу жүргіншілердің қағып кетуі мүмкін;
  • көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда өту керек;
  • абай болыңыз, жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б. алаңдамаңыз.;
  • әрқашан алдыңызда аяқтың астына қараңыз;
  • аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс;
  • қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз, бұл сізге мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді;
  • есіңізде болсын, тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі- адамдар жиі жарақат алып құлайтын жер.

Оқи отырыңыз: 

13 бірдей өңірде дабылды ескерту жарияланды

Петропавлда көктайғақтан автокөлік самосвал астына кіріп кетті, жүргізуші көз жұмды

Көліктер өртеніп кетті: Алматы облысында жол апатынан бес адам көз жұмды

2495
Кілт сөздер:
Алматы, ауа райы

Қытайдағы жаңа шыны көпір жұрттың таңдайын қақтырды видео

0
(Жаңартылды 18:07 27.11.2021)
Шыны көпір Қытайдың Сычуань провинциясында Башань үлкен каньонында орналасқан. Таяуда оның ресми ашылуы өтті

Көпірге келгендер айналадағы көріністі көріп таңдай қақты. Бұл маңдағы тау шатқалдары тамсандырмай қоймайды. Шыны көпірмен жүріп өткен туристер табиғаттың тамаша көркіне көз тойдыра алмағаны анық.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
көпір, видео, шыны, Қытай