Өңірлер

Шымкент көшелеріндегі әскери техникалар қала тұрғындарының зәресін ұшырды

© Официальный сайт Президента КазахстанаПрезидент Казахстана посетил блокпост на въезде в город Нур-Султан
Президент Казахстана посетил блокпост на въезде в город Нур-Султан - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2021
Жазылу
Таңертең шымкенттіктер қала көшелерінде автоматпен қаруланған ондаған адам мен әскери техникалар колоннасы жүргенін көрген

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Шымкентте полицейлер мен әскерилер жолдарды уақытша жауып, көлік қозғалысын тоқтатып, бірнеше сағат бойы оқу-жаттығу өткізді. Қала тұрғындары үйреншікті емес бұл жағдайды желіде қызу талқылап, не болып жатқанын өз бетінше болжады.

Шымкент көшелерінде пайда болған көлік кептелісі жергілікті тұрғындарды қатты алаңдатты, деп хабарлады Otyrar.kz порталы.

Жол жағдайының қиындауына әскерилер мен арнайы техникалар колоннасының көшемен жүруі себеп болды. Шымкентте келеңсіз бір нәрсе болып жатыр деген қауесет әп-сәтте тарап кетті.

Қала билігі бұл ақпаратқа назар аударып, оған жедел түрде түсініктеме берді. Қалада "Жартас-Антитеррор-2021" лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуы өткені белгілі болды.

Хабарламада биыл әскери оқу-жаттығулар мүмкіндігінше шынайылыққа жақын жағдайда және әртүрлі күрделі элементтермен өткізіліп жатқаны аталып өткен. Оның мақсаты – терроризммен күрестегі тәжірибелік дағдыларды жетілдіру, тиімділікті арттыру.

Әкімдік мегаполис тұрғындарын уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және жергілікті атқарушы органдардың нұсқауын орындауды сұрайды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0