Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда салынып жатқан үйдің видеосы жұртты күлдірді

© Скрин видео/facebook/Толеген ИмановВ СКО ,строят дома с балконами но без дверей на балкон
В СКО ,строят дома с балконами но без дверей на балкон - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2021
Жазылу
Біртүрлі балкондары бар үй Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданындағы Сергеевка ауылында салынып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында салынып жатқан төрт қабатты үйде балконға шығатын есік жоқ. Құрылыс нысанының видеосы әлеуметтік желі қолданушыларының күлкісін келтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Видеоны түсірген адамның сөзіне қарағанда, біртүрлі балкондары бар үй Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданындағы Сергеевка ауылында салынып жатыр.

"Міне, балкондары бар, бірақ оған шығатын жер жоқ. Сыртынан саты қойып, я болмаса, терезе желдеткіші арқылы шығатын болар. Мұндайды біздің Сергеевкада ғана ойлап таба алады", - дейді видео авторы.

Шал ақыл ауданының әкімдігі есігі жоқ балкондар мәселесін түсіндірді. Оны жай декорация ретінде жасаған. 

Оқи отырыңыз: Оралда әжетханаға баруға ерінетін жатақхана тұрғындары бүкіл қалаға масқара болды

"1967 жылы Сергеевка қаласында 46 пәтерлі үй салынған болатын. Осы нысан 1990-жылдардан бері қаңырап бос тұрған. Қазіргі кезде жекеменшік компания өз қаражаты есебінен құрылыс нысанын қалпына келтіру жұмыстарын атқарып жатыр. Жобалық-сметалық құжаттарда және сараптама қорытындысында балкон қарастырылмаған. Осыған байланысты компания үйдің сәулетін бұзбай, балкондарды декорация ретінде қалдыруға шешім қабылдаған", - делінген ресми ақпаратта.

Ал әкімдік балкон конструкцияларын алып тастауды ұсынды.

Жаңалықтар
0