Өңірлер

Күйзеліске ұшыраған Тараз тұрғыны көпірден секірмекші болды – видео

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуСолнце, жара
Солнце, жара - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
Сол маңайда жүрген патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Тараз қаласының полицейлері көпірден секірмекші болған қызды құтқарды, деп хабарлады Polisia.kz.

15 қарашада түнгі сағат 03.00-де Тараз қаласының патрульдік полиция бөлімшесіне жас әйелдің көпірден секіруге оқталып тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Сол маңайда жүрген патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Олар қызбен сөйлесіп, ойынан бас таруға көндірді.

22 жастағы Тараз тұрғыны полиция бөлімшесіне жеткізілді. Өзінің айтуынша, мұндай әрекетке баруына депрессия себеп болған.

Психологтар қызбен профилактикалық жұмыс жүргізді.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0