Өңірлер

Полиция әйелін супермаркетте өлтірген алматылықтың ісіне қатысты ақпарат берді

Жазылу
Пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланып отыр

АЛМАТЫ, 18 қараша – Sputnik. Алматыда ер адам отбасылық жанжалдан кейін әйелін өлтірді, оқиғаның мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам әйелін жұмыс орнында өлтіріп кеткен. Оқиға Наурызбай ауданындағы супермаркеттің бірінде болды.

"Келушілер қан-жоса болып жатқан әйелді көріп, полиция шақырған. Ерлі-зайыптының таңертеңнен бері телефон арқылы жанжалдасқаны белгілі болды. Ер адам әйелімен сөйлесу үшін оның жұмыс орнына келген", - деп хабарлады полиция.

Ерлі-зайыпты ажырасу процесіне байланысты бірнеше айдан бері жанжалдасып жүрген. Әңгіме барысында жағдай ушығып, ол әйелді пышақтап тастады.

Ер адам кінәсін жоққа шығармады. Күдікті қамауға алынды.

Бұған дейін Наурызбай ауданы полиция басқармасының басшысы Дидар Аханов пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылғанын хабарлады.

Қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы ("адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді.

Жаңалықтар
0