Өрт сөндіру

Көшеде алматылықтарды әдейі шошытқан жастар анықталды видео

849
(Жаңартылды 10:14 25.11.2021)
Құқық қорғаушылар жастардың бұл әрекеті үшін айыппұл немесе әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылғанын жеткізді

АЛМАТЫ, 25 қараша – Sputnik. Алматыда өрт сөндіргішті іске қосып, қоғамдық орында өтіп бара жатқан адамдарды қорқытқан екі жас жігіт анықталды. Бұл туралы Алматы полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

1999 және 2002 жылы туған екі жігіт пен оператордың (қазіргі уақытта жеке басы анықталып жатыр) іс-әрекеті әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы ("ұсақ бұзақылық") бойынша қаралады.

"2002 жылы туған жігіт бұған дейін метрода музыкамен жасалған пранктерге қатысқан және осыған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылған", - деп хабарлады полиция.

Құқық қорғаушылар жастардың бұл әрекеті айыппұл салуды немесе әкімшілік қамауға алуды көздейтінін жеткізді.

Жинақталған әкімшілік іс жүргізу материалы шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

2021 жылы 21 қарашада мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен бір жігіт (видеода өрт сөндіргіш ұстап жүрген) әкімшілік қамауға алу түріндегі жауапкершілікке тартылды.

Екінші жігіт пен операторға қатысты тексеру жалғасып жатыр.

849
Кілт сөздер:
Алматы, көше, жастар, видео
Тақырып бойынша
Алматы метросында пранк жасаған үш жігіт жұрттың наразылығын туғызды – видео
Полиция Нұр-Сұлтандағы сауда орталығында болған төбелеске қатысты ақпарат берді
Павлодар тұрғыны түнде көршілерін дүрліктірді – полиция түсініктемесі
Полиция әйелін супермаркетте өлтірген алматылықтың ісіне қатысты ақпарат берді
"Пранк" жасаған: Атырауда достарының қалжыңын түсінбеген дүкен иесі істі болды
Иллюстративті фото

"Басына түскен": Павлодарда аула сыпырып жүрген әйел полиция шақырды

1370
Оқиға қала тұрғыны Малайсары батыр көшесіндегі банктердің бірінің аумағын тазалап жүрген кезде болған

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Павлодарда ер адам кеуіп қалған гүлдерді подъездің терезесінен лақтырған, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, гүл шоғы аула сыпырушының басына түскен.

"Полицияға Малайсары батыр көшесіндегі банктердің бірінің аумағын тазалап жүрген қала тұрғынының басына гүл шоғы түскені туралы хабарлама келді. Учаскелік полиция инспекторы аталған фактіге қатысы бар қала тұрғынын анықтады", - деді баспасөз қызметі.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ер адамға қатысты Қазақстан Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, материал сотқа жіберілді.

Айта кетері, жыл басынан бері облыста ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 1092 тұрғын жауапкершілікке тартылды.

Оқи отырыңыз:

1370
Кілт сөздер:
полиция, гүл
Архивтегі фото

Жалдамалы пәтерден екі қыздың мәйіті табылды полиция түсінік берді

3743
(Жаңартылды 12:54 04.12.2021)
Бір іс бойынша күдікті қамауға алынды. Ал екінші жағдайда жазатайым оқиға болған, дейді полицейлер

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Шымкент полициясы жалдамалы пәтерде екі қыздың қаза табуына байланысты қозғалған қылмыстық істердің жай-жапсарын жариялады.

Бұған дейін бір апта ішінде Шымкентте тәуліктік пәтерлерден 23 жастағы екі қыздың мәйіті табылғаны хабарланған болатын.

Шымкент полициясының бастығы Ералы Жұмаханбетов бір факті бойынша күдікті ұсталғанын, екінші жағдайда жазатайым оқиға болғанын айтты, деп хабарлады жергілікті Otyrar басылымы.

"Қазір тергеу жүріп жатыр, кінәлілер жазаланады. Бір іс бойынша күдікті қамауға алынды. Ал екінші іске келсек, жазатайым оқиға болған", - деді қала полициясының басшысы.

Қыздардың бірінің денесін 25 қарашада Республика даңғылындағы тәуліктік тұрғын үйдің иесі тапқан. Іс бойынша 31 жастағы әйел күдікке ілінді.

"Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды, тергеу жалғасып жатыр", - деді Ералы Жұмаханбетов.

Екінші қыздың денесін тәртіп сақшылары 30 қараша күні Тыныбаев көшесіндегі жалдамалы пәтерден тапты.

"Екінші іс бойынша күдікті жоқ, есік құлыптаулы болған, пәтерден мәйіт табылды. Барлық терезе жабық тұрған", - деді Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы.

Оқи отырыңыз: Шымкентте жалдамалы пәтерден тағы бір қыздың мәйіті табылды 

Қала тұрғындары тәулікке және сағатқа жалға берілетін баспаналардың проблемасын көптен бері көтеріп келеді. Пәтер иелері салық органдарына есеп бермейтіндіктен, қаладағы жалдамалы пәтерлердің нақты саны туралы мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік, осы жылдың 25 ақпанында Шымкенттегі сегізінші шағын аудандағы пәтерлердің бірінен 40 жастағы әйелдің мәйіті табылған болатын. Оны тұншықтырып өлтірген.

3743
Кілт сөздер:
жалдамалы баспана, полиция
Жусан операциясы

Сирияға кеткен мыңға жуық қазақстандықтың 600-і оралды Назарбаев

0
Қазақстанның тұңғыш президенті елге оралған 600 қазақстандықтың ішінде 33 адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Сирияға кеткен қазақстандықтар туралы айтты.

"Qazaq. History of the Golden Man" ("Қазақ. Алтын адамның тарихы") фильмінде америкалық режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында Елбасы Ислам мемлекетінің* қызметі толығымен экстремистік идеологияға негізделгенін мәлімдеді.

"Құранда бір адамды өлтіру бүкіл адамзатты өлтірумен тең деп айтылған. Олардың мұсылмандықпен ешқандай байланысы жоқ, олар дінді өз мақсаты үшін пайдаланатын экстремистер. Бұл Исламның өзіне зиян тигізеді", - деді Назарбаев.

Қазақстанның тұңғыш президенті республикадан Сирияға бір мыңға жуық азамат кеткенін, олардың 600-і отанға оралғанын хабарлады.

"Біз 600 адамды қайтардық, оның ішінде 303 ер адам. Отыз үшіне қатысты тергеу жүргізіп жатырмыз. Жұмысы жоқ, қиыншылық көрген адамдар сол жерге кетті. Онда өмір керемет болатынына уәде береді. Сондықтан ол жаққа бүкіл отбасымен бірге барды. Өздерін ұрып-соғып, өлтірген кезде ғана жағдайды түсінді", - деді ол.

Сондай-ақ, Елбасы исламның және бүкіл әлемнің ірі орталықтарының бірі болып табылатын Сирияның қирауы мәселесіне қатысты өз өкінішін білдірді.

"Мен ол жерде болдым, керемет ғимараттарды көрдім... Олар біздің балалар көре алмайтын бүкіл адамзаттың тарихи, мәдени естелігін жойды", - деді Назарбаев.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап ұлттық қауіпсіздік комитеті "Жусан" гуманитарлық арнайы операциясы аясында Сирия мен Ирактан қазақстандықтарды қайтару бойынша 5 арнайы операция өткізді.

Бұл арнайы гуманитарлық операцияның бірінші кезеңі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2019 жылдың 6 қаңтарында ұйымдастырылды.

ИМ* – Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.

0
Кілт сөздер:
Назарбаев, Сирия, қазақстандықтар
Тақырып бойынша
Назарбаев өзінің арманы туралы айтты
Назарбаев Қазақстан Қырымға қатысты дауыс беруден неге қалыс қалғанын түсіндірді
Назарбаев Қазақстан жастарына үндеу жасады – видео
Қазақстан алдағы жүз жылда ешкімге соғыс ашпайды – Назарбаев
Назарбаев Горбачевтің кабинетінде қандай келеңсіз жайтқа куә болғанын еске алды