Өңірлер

Спорт кешенінің директоры жұрттың күлкісін келтірген фотоға қатысты мән-жайды айтты

© Photo : Alois GrundnerШахматы, иллюстративное фото
Шахматы, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2021
Жазылу
Спорт кешенінің директоры желідегі жазбаға ауыл тұрғындарының да намыстанып жатқанын жеткізді
АЛМАТЫ, 6 желтоқсан – Sputnik. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Шиелі ауданына барған кезде түсірілген фото әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Жаңа спорт кешенінің ашылуында балалар шахмат ойнаған, алайда желі қолданушылары шахмат фигураларының дұрыс орналастырылмаған байқап, көзбояушылықты келемеж етті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qumash / Новости Казахстана (@qumash_kz)

Шиелі ауданы Нартай Бекежанов ауылында жаңадан пайдалануға берілген спорт кешенінің директоры Жарқынбек Есенбайұлының айтуынша, нысан 3 желтоқсанда ашылды. Оған арнайы облыс әкімі келгендіктен, Әбдіқалықоваға үйірмелерді өзі таныстырған.
"Үйірмелерді таныстыру барысында шахмат бөлмесіне де кірдік. Ауылымыздың балалары келіп, шахмат фигураларының орналасуы және шахматты қалай ойнайтыны туралы сұрап отырған болатын. Облыс әкімі бізге шахмат фигураларының дұрыс орналаспағанын атап өтті. Балалардың бүгіннен бастап спорт кешеніне келіп, шахмат үйрену үшін сабақ алып жатқанын айттым", - дейді спорт кешенінің директоры.
Оның сөзінше, фотода балалар шахмат ойнап отырған жоқ, енді ғана танысып отыр.
"Бұл жерде ешқандай көзбояушылық емес. Барлық жағдай шынайы ауылдастарымыз үшін жасалған. Әртүрлі әлеуметтік желіге жазбаны таратып, негативке айналдырып, жазбаның астарынан басқа мәселені іздеудің қажет жоқ", - деді ол.
Спорт кешенінің директоры желідегі жазбаға ауыл тұрғындарының да намыстанып жатқанын айтты.
Айта кетері, спорт кешенінде күрес, таэквонда, баскетбол, волейбол және тоғызқұмалақ, шахмат үйірмелері бар.
Ал әлеуметтік желі қолданушылары суретке қатысты "елімізде барлығы фото үшін істеледі", "бір фотодан Қазақстанды көруге болады" деген секілді пікірлер жазып жатыр.
Жаңалықтар
0