Өңірлер

"Еңбектің арқасында жеңіске жеттім": Шымкенттік мұғалім көлік мінді

машина ключ
машина ключ - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2021
Жазылу
Тарих пәнінің мұғалімі республикалық сайыста ғылыми жоба дайындап, үздік деп танылған
НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. Шымкенттік мұғалім Шарипа Үменова Қазақстан бойынша үздік деп танылды.
"Көшбасшы педагог 2021" байқауына қатысқан ұстаз жеңіл автокөлікке ие болды. Кілтін салтанатты жиында қала әкімінің бірінші орынбасары табыстады. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мегаполистің өзге де мұғалімдері марапатталды, деп хабарлады Otyrar.kz.
"Көшбасшы педагог 2021" байқауының жеңімпазы Шарипа Үменованың 36 жылдық тәжірибесі бар. Айтуынша, Қазақстан бойынша 210-нан аса мұғалімнің қатысуымен өткен дода тартысты болған.
"Қазақстанның мұғалімдері арасында үздік атанып, көлікке ие болдым. Алдымен үздік ондық іріктелді, одан кейін төрттік болды. Еңбектің арқасында жеңіске жеттім деп ойлаймын, өте қуаныштымын. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!", - деді №106 ЖОББМ-нің тарих пәні мұғалімі Шарипа Үменова.
Тарих пәнінің мұғалімі сайыста ғылыми жоба дайындап, үздік деп танылған. Әрі Еуропада өткен жарыстарға шәкірттерімді қатыстырдым дейді. Қашанда оқушыларының жетістігімен мақтанатын педагог тәуелсіздік қарсаңында еңбегінің еленгеніне қуанышты.
Сондай-ақ қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан үшінші мегаполистің үздік мұғалімдерін марапаттады. Болашақ ұрпақ тәрбиелеуде үлес қосқан педагогтарға "Ерен еңбегі үшін" және "Тәуелсіздіктің 30 жылдығы" медальін табыстады.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында ашық сабаққа дайындалмай келген мұғалім мектепті дүрліктірді 
"Бұрын 70 шақты мектеп болатын болса, онда 70 000-ға жуық бала оқитын еді. Ал қазір мектеп саны 200-ден асқан. Онда 250 000 аса оқушы оқиды. Жыл сайын мектеп оқушыларының саны 15-20 мыңға артып отыр. Оның өзі біздің болашағымыз", - дейді Шыңғыс Мұқан.
Салтанатты жиында республикалық сайыста мегаполис намысын қорғаған жас сарбаздар да марапатталды. Әрі "Тәуелсіздік ел-тұғырым" атты іс-шараның соңында оқушылар сарайының өнерпаздары би билеп, ұлық мейрамға арнап ән шырқады.
Жаңалықтар
0