Өңірлер

Алматы облысында боран салдарынан жол жабылды

© Photo : Pixabay / PexelsДорога зимой
Дорога зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2021
Жазылу
Республикалық маңызы бар автожолдағы қозғалыс көліктің барлық түрі үшін шектелді
АЛМАТЫ, 17 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті республикалық маңызы бар тасжолдың жабылатынын айтты.
Жол 17 желтоқсанда таңертеңгі сағат 11-ден бастап жабық болады, бұған ауа райының нашарлауы себеп болып отыр. Мұнда қатты дауыл болып, жол көрінбейді.
Үшарал – Достық (84-184 километр, Көктұма ауылы – Достық ауылы) автожолында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.
Облыстың төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартып, 112 қызметінің SMS-хабарламаларын ескеруді сұрады.
"Алыс жолға шыққан кезде ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда қажет болатын барлық затты өзіңізбен бірге алып жүру қажет", - деді ведомство мамандары.
Оқи отырыңыз: Бұрқасын, көктайғақ: синоптиктер 18,19,20 желтоқсанға ауа райы болжамын жасады 
Жаңалықтар
0