Өңірлер

Алматы облысында республикалық маңызы бар жол жабылды

© Photo : Pixabay / PexelsДорога зимой
Дорога зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2021
Жазылу
Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі
НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысында Үшарал-Достық тас жолы жабылды, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
"Ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдағы нашар көру) 25 желтоқсанда сағат 9.30-дaн бастап "Үшарал-Достық" жолының 83-184 шақырымдары аралығында, атап айтқанда, Көктума мен Достық станциялары аралығындағы учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі.

Оқи отырыңыз: 

Құтқарушылар ескертуін елемейтін жүргізушілерге айыппұл салына ма – министр жауабы
"Науқасты екі шақырым көтеріп келді": жас фельдшер әкімнің қолынан сыйлық алды
 
Жаңалықтар
0